Гавана (ис. La Habana [aβana], толық атауы San Cristóbal de La Habana) — Куба Республикасының астанасы, саяси, экономикалық және мәдени орталығы, Гавана провинциясының әкімшілік орталығы. Үлкен Гавананың аумағы 726,75 км²-ді құрайды, халық саны 2,1 миллион адам. Жер аумағы және халық саны бойынша елдегі ең ірі қала және Кариб аймағындағы бұл көрсеткіштер бойынша үшінші орында. Қала 15 муниципалитетке бөлінген.
Қала | ||||
Гавана | ||||
ис. La Habana | ||||
| ||||
Әкімшілігі | ||||
---|---|---|---|---|
Ел | ||||
Статусы | Астана | |||
Провинция | Гавана | |||
Ішкі бөлінісі | ||||
Мэр | Марта Хернандес | |||
Тарихы мен географиясы | ||||
Координаттары | 23°07′00″ с. е. 82°23′00″ б. б. / 23.11667° с. е. 82.38333° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 23°07′00″ с. е. 82°23′00″ б. б. / 23.11667° с. е. 82.38333° б. б. (G) (O) (Я) | |||
Құрылған уақыты | 16 қыркүйек 1517 жылы | |||
Алғашқы дерек | ||||
Бұрынғы атаулары | Сан Кристобаль де Ла Гавана | |||
Жер аумағы | 728,25 км² | |||
Орталығының биiктігі | 59 м | |||
Климаты | тропикалық | |||
Уақыт белдеуі | ||||
Тұрғындары | ||||
Тұрғыны | 2 106 146 адам (2012) | |||
Тығыздығы | 2892.06 адам/км² | |||
Сандық идентификаторлары | ||||
Телефон коды | (+53) 7 | |||
Пошта индексі | 10xxx-19xxx | |||
Гавана шекарасы | ||||
Ортаққордағы санаты: Гавана |
Халқы, тілі, діні
Гавананың халық саны 2 135 498 адамды (2010) құрайды. Кубадағы жалпы халық санының бөлігі — 21 %. Астанадағы он тұрғынның ішінде шамамен жетеуі испандық қоныс аударушылардың ұрпағы болып табылады. Қалғандары аралас африкандық-испандық немесе азиаттық нәсілдер. Мемлекеттік тіл — испан. Діншіл халықтың жартысынан артығы католик дінін ұстанады, қала тұрғындарының басқа бөлігі христиандық және бірқатар пұтқа табынушылық ғұрыптарының араласуы негізінде пайда болған синкретикалық наным-сенімдерді ұстанады.
Муниципалитеттері
Гавана қаласы провинция мәретебесіне ие болғандықтан 15 муниципалитетке бөлінеді.
Картадағы № | Муниципалитет | Халқы, адам (2004) | Аумағы, км² | Ескертулер |
---|---|---|---|---|
1 | Плайя | 186 959 | 36 | |
2 | Пласа-де-ла-Революсьон | 161 631 | 12 | Үкіметтің орналасқан жері |
3 | Сентро-Абана | 158 151 | 4 | |
4 | Ла-Абана-Вьеха | 95 383 | 5 | ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасына кіреді |
5 | Регла | 44 431 | 9 | |
6 | Ла-Абана-дель-Эсте | 178 041 | 145 | |
7 | Гуанабакоа | 112 964 | 127 | |
8 | Сан-Мигель-дель-Падрон | 159 273 | 26 | |
9 | Диес-де-Октубре | 227 293 | 12 | |
10 | Серро | 132 351 | 10 | |
11 | Марианао | 135 551 | 21 | |
12 | Ла-Лиса | 131 148 | 38 | |
13 | Бойерос | 188 593 | 134 | |
14 | Арройо-Наранхо | 210 053 | 83 | |
15 | Которро | 74 650 | 66 |
Халықаралық қатынастар
Саяси кеңселер
Гаванада 87 елшілік және 11 консулдықтар, бір мүдделер секциясы және бір сауда өкілдігі орналасқан.
Бауырлас қалалар
|
Дереккөздер
- İzmir'in kardeş kentleri. Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 тамыз 2012.
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: La Habana |
- fotopedia.com 12 тамыздың 2010 жылы., Selected photos of Havana
- The Case of Havana, Cuba by Mario Coyula and Jill Hamburg
- Rent Apartment on Havana 18 қазанның 2012 жылы.