Санкт-Петербург (орыс. Санкт-Петербург, Питер) — Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін Ленинград деп аталған.
Федералдық деңгейдегі маңызы бар қала | ||||
Санкт-Петербург | ||||
орыс. Санкт-Петербург | ||||
| ||||
| ||||
Әкімшілігі | ||||
---|---|---|---|---|
Ел | ||||
Федерация субъектiсі | Санкт-Петербург | |||
Ішкі бөлінісі | 18 аудан | |||
Губернаторы | Александр Дмитриевич Беглов | |||
Тарихы мен географиясы | ||||
Координаттары | 59°57′ с. е. 30°19′ ш. б. / 59.950° с. е. 30.317° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 59°57′ с. е. 30°19′ ш. б. / 59.950° с. е. 30.317° ш. б. (G) (O) (Я) | |||
Құрылған уақыты | 1703 | |||
Бұрынғы атаулары | Санкт-Петербург, Петроград, Ленинград | |||
Жер аумағы | 1439 км² | |||
Биіктігі | 3 м | |||
Уақыт белдеуі | UTC+4 | |||
Тұрғындары | ||||
Тұрғыны | ▲ 5 351 935 адам (2018) | |||
Агломерация | 5,4 млн (2002) | |||
Ұлттық құрамы | орыстар — 84,73 % | |||
Этнохороним | петербургтық | |||
Ресми тілі | ||||
Сандық идентификаторлары | ||||
Телефон коды | +7 812 | |||
Пошта индекстері | 190000-199406 | |||
Автомобиль коды | 78, 98, 178 | |||
ОКАТО коды | 40 | |||
Басқалары | ||||
Ресми емес атауы | Невадағы қала, | |||
gov.spb.ru (орыс.) | ||||
Санкт-Петербург шекарасы | ||||
Ортаққордағы санаты: Санкт-Петербург |
Географиясы
Санкт-Петербург Ленинград облысындағы Нева өзенінің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан. Тұрғындарының саны 9,50 млн-ға жуық (2018). Санкт-Петербург аумағынан 45-тен астам өзен, 40-қа жуық канал өтеді. Портты қала, әуе, автомобиль жолдарының және темір жолдың ірі торабы.
Климаты
Санкт-Петербург ауа райы | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел |
Абсолюттық максимум, °C | 8,7 | 10,2 | 15,3 | 25,3 | 33,0 | 34,6 | 35,3 | 37,1 | 30,4 | 20,2 | 11,4 | 10,9 |
Орташа максимум, °C | −3,2 | −2,9 | 2,1 | 9,3 | 16,1 | 20,2 | 23,0 | 20,9 | 15,2 | 8,6 | 2,3 | −1 |
Орташа температура, °C | −5,7 | −5,5 | −1 | 5,4 | 11,6 | 16,1 | 19,1 | 17,3 | 12,1 | 6,3 | 0,4 | −3,2 |
Орташа минимум, °C | −8,1 | −8,2 | −4,1 | 1,5 | 7,1 | 11,9 | 15,1 | 13,6 | 9,0 | 4,0 | −1,5 | −5,4 |
Абсолюттық минимум, °C | −34,7 | −27,7 | −21,7 | −12,5 | −2,6 | 0,7 | 5,8 | 3,8 | −1,6 | −9,7 | −20,1 | −26,5 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 45,3 | 34,1 | 33,8 | 33,4 | 45,7 | 68,8 | 81,4 | 88,9 | 63,5 | 65,5 | 57,8 | 52,8 |
Дерекнама: Санкт-Петербург - ауа райы мен климаты |
Мәдениеті
Ресей ғылым академиясының ғылыми орталығы, 43 жоғары оқу орны, 120 музей, 18 театр, Салтыков-Щедрин атындағы Ресей ұлттық кітапханасы, машина, станок, аспап, кеме жасау зауыттары, тоқыма фабрикасы, химиялық, түсті және қара металургия комбинаттары бар. Метрополитені 1955 ж. іске қосылған. Қаланы 1703 ж. Петр І салдырған. 1712 — 1918 ж. Ресей астанасы болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Санкт-Петербургдың жоғары оқу орындарында бірқатар қазақ интеллигенциясының өкілдері оқыды. Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, С.Лапин, М.Шоқай, Б.Құлманов Санкт-Петербургдың Императорлық университетінде, Ә.Бөкейхан Санкт-Петербург Императорлық орман институтында, М.Тынышбаев Санкт-Петербург Императорлық жол қатынасы институтында, С.Аспандияров пен Х.Досмұхамедов Санкт-Петербург Императорлық әскери медициналақ институтында білім алды. Қазақтың алғашқы баспасөздерінің бірі саналатын “Серке” газеті Санкт-Петербургда жарық көрді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезі Санкт-Петербургда өтті. Бірінші орыс револяциясы, Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі Санкт-Петербургда басталды. 1918 ж. астана Санкт-Петербургдан Мәскеу қаласына көшірілді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде қала 29 ай бойы неміс фашистері әскерлерінің қоршауында болды. Сол тұста Санкт-Петербург тұрғындарына Қазақстан халқы көп көмек көрсетті. Қаланы жаудан қорғауда көптеген қазақстандықтар ерлікпен шайқасты (Ленинград шайқасы). Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді жаумен күреске жігерлендірді. Қазіргі кезде Санкт-Петербургда Ж.Жабаев пен Ә.Молдағұлова есімімен аталатын көшелер бар. Петропавл қамалы, Қысқы сарай, Биржа ғимараты, Исаакий соборы, т.б. сәулет өнері ескерткіштері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілген. 2003 ж. Санкт-Петербургдың 300 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Санкт-Петербургдағы қазақ диаспорасы 2 мыңға жуық адамды құрайды. Қалада қазақтардың ұлттық орталығы жұмыс істейді.
Экономикасы
Санкт-Петербург — Ресей Федерациясының маңызды экономика орталықтарының бірі. Санкт-Перербургтың экономикалық дамуы, өндіріс және сауда комитетінің мәліметі бойынша, 2012 жылы аймақтық жалпы өнімі 2,138 трлн рубль болған ( 2011 жылы — 2,072 трлн руб.). Экономикасының негізгі көзі (жақшаның ішінде 2010 жылғы аймақтық жалпы өнімінің бөлігі):
- өндеу өнеркәсібі (24,1 %),
- сауда (18,7 %),
- жылжымайтын мүлікпен операциялар (18,2 %),
- көлік және байланыс (9,9 %),
- құрылыс (7,8 %),
- басқа (21,3 %).
Қаржы нарығы айналымынан Ресейде екінші орын алады. Қалада бірнеше биржа, 42 коммерциялық банк, Санкт-петербург халықаралық банкі, басқа аймақтардың банктерінің 100 шақты филиалы, 400-ден астам брокер компаниясы жұмыс істейді.
Галерея
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Пайдаланылған cілтемелер
- Администрации Санкт-Петербурга
- Петербург в цифрах. Официальный портал администрации СПб. Тексерілді, 21 қазан 2011.
- Солодилов В. В. Транспортно-коммуникационная основа согласованного развития Москвы и Санкт-Петербурга (PDF). Развитие городских агломераций в зоне транспортного коридора Москва — Санкт-Петербург. Фонд «Центр стратегический разработок „Северо-запад“» (2005). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 тамыз 2011. Тексерілді, 11 января 2009.
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- Инвестиционный паспорт Санкт-Петербурга. 2013. Комитет по инвестициям Санкт-Петербурга. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қаңтар 2014. Тексерілді, 9 қазан 2013.
- Итоги социально-экономического развития санкт-петербурга за 2011 ж.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 қараша 2012. Тексерілді, 14 қараша 2012.
- Банки: Все города: все банки региона Санкт-Петербург. Банки.ру. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 қаңтар 2012. Тексерілді, 21 қазан 2011.