Еврей (ивр. יְהוּדִים [йеhудим], идишше ייִדן/אידן [й/идн]), немесе Яһуди, ауызекі атауы жебірей, — бастапқы атауы және көне еврей халықтарынан тарайтын әртүрлі елдерде тұратын халықтардың жалпы этностық атауы. 2018 жылы еврейлердің саны Berman Jewish DataBank мәліметтері бойынша 14,6-17,8 миллион адамды құрады, оның 44,9% Израильде және 39% АҚШ-та тұрады.
Еврейлер | |
ивр. יְהוּדִים | |
Ең көп таралған аймақтар | |
---|---|
Израиль | 6 772 000 |
АҚШ | 5 425 000-6 814 000 |
Франция | 478 000 |
Канада | 380 000 |
Ұлыбритания | 290 000 |
Ресей | 190 000 |
Аргентина | 181 500 |
Германия | 108 000 |
Аустралия | 112 500 |
Бразилия | 85 200 |
Тілдері | |
идиш тілі, иврит тілі | |
Діні | |
Тілі
Еуропа мен Америкада тұратын еврейлердің көпшілігі индоеуропалық тілдер әулетінің герман тобына жататын идиш тілінде сөйлейді. Израильде еврейлердің көп бөлігі семит әулетіне жататын иврит тілінде сөйлейді. Балкан мен Таяу шығыстағы еврейлердің бір бөлігі роман тобына жататын испаноль (ладино) тілінде сөйлейді.
Діні
Иуда діні еврейлердің этникалық бірлігін айқындайтын ең маңызды белгісі. Иудаизмнен басқа дінге өткендер еврей боп саналмаған.
Тарихы
Ерте заманғы Еврей этносы б.з.б. 2-мыңжылдықта қазіргі Палестина аумағында қалыптасқан. Б.з.б. 1-мыңжылдықта ежелгі еврей мемлекеттері - Израиль патшалығы мен Иудея патшалығы[[]] салтанат құрған. Біріншісін Ассирия (б.з.б. 722 ж.), екіншісін Вавилон мемлекеттері талқандаған соң еврейлер дүние жүзіне бытырап қоныс аудара бастаған. Еврейлердің едәуір бөлігі Таяу Шығыс, Батыс Азия, Солтүстік Африка және Оңтүстік Европа елдерін, оның ішінде ертедегі түркі мемлекеті Хазар қағанатын паналаған. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында герман фашизмінің еврейлерді жаппай қырып-жоюға бағытталған саясаты салдарынан 6 миллион еврей құрбан болды. Соғыстан кейінгі жылдары еуропалық еврейлердің елеулі бөлігі АҚШ-қа, сондай-ақ 1948 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы шешімімен құрылған Израиль мемлекетіне қоныс аударды.
Кәсібі
Еврейлердің дәстүрлі кәсібі егіншілік болған. Дәнді дақыл, жүзім, жеміс-жидек еккен. Орта ғасырларда, одан кейін де Еуропаның көптеген елдерінде, оның ішінде Ресейде еврейлердің құқығына, кәсібіне, әсіресе меншік иеленуіне, жер пайдалануына шек қоятын заңдар шығарылды. Бұл жағдай еврейлерді қалаларда оңаша қауымдарға (кагал) бірігіп оқшау орамдарда (гетто) тұруға мәжбүр етті. Онда еврейлер көбінесе саудамен, қолөнермен шұғылданды.
Мәдениеті
Туыстық жақындық әке жағынан саналғанмен көп уақыт бойы шешесі еврей болғандар ғана еврей ұлтына жатқызылып келген. Еврейлер шоғырланған елді-мекенде Иуда дінінің ғибадатханасы - синагога, салт-жоралғы өткізетін монша (миква) болады.
Ұлттық киімдері: ерлер - дұға оқуға арналған кестелі костюм (талит, талес, арбаканфес), ұзын шапан, кеудеше (лапсердак), әйелдер тұрмысқа шыққан соң парик киеді.
Ұлттық тағамдары: әр алуан дәм қосып, орап пісірген нан (хала), бәліш (гоменташи), тоқаш (маца).
Қасиетті діни кітаптары Таурат пен Талмуд мазмұнына ұқсас ертегі, аңыз әңгімелерді қамтитын ұлттық фольклоры, дәстүрлі әні мен би өнері дамыған.
Қазақстандағы еврейлер
Еврейлердің қазақ даласына келуі 6-ғасырдан басталады. 1870 жылы Верныйда (қазіргі Алматы) еврей қоғамы құрылды. 1884 ж. мамырда синагога пайда болды. 1897 ж. Верныйда 99 еврей, уезде қаламен қосқанда 177, ал 1910 ж. Верныйда 206, Ақтөбеде 35, Ақмолада 154 еврей болған. 1920-30 жылдары Қазақстандағы еврейлер құрылыс бесжылдықтарына келген әрі саяси жер аударылғандар саны есебінен көбейген. 1926 ж. Қазақстанда 3 600, 1939 жылы 19 200 еврей болды.
1970-80 ж. Қазақстандағы еврейлер саны азайған. Олардың көпшілігі Израилға немесе АҚШ, Канада мен Аустралия т.б. елдерге қоныс аударған. 2009 ж. санақ бойынша Қазақстандағы еврейлердің саны 3 мыңның үстінде болды.
Тағы қараңыз
- Антисемитизм
- Антисионизм
- Еврейлік
- Израиль
- Сионизм
- Холокост
- Еврей аты
Әдебиеттер
- Еврейлер // Ресей халықтары. Мәдениет және дін атласы — Мәскеу: Дизайн. Информация. Картография, 2010. — Б. 320. — ISBN 978-5-287-00718-8.
- Немировский А. А. У истоков древнееврейского этногенеза. Ветхозаветное предание о патриархах и этнополитическая история Ближнего Востока. — М., 2001. — 268 c. — ISBN 5-85941-087-5
- Гительман Ц. Беспокойный век: Евреи России и Советского Союза с 1881 ж. до наших дней. М.: — Новое литературное обозрение, 2008. — 512 с. — ISBN 978-5-86793-576-4
- Н. И. Рутберг, И. Н. Пидевич. Евреи и еврейский вопрос в литературе советского периода. Хронологически-тематический указатель литературы, М.: Грант, 2000. — 598 с. — ISBN 5-89135-135-8
- Евреи в России: История и культура. Сборник научных трудов — ред. Д. А. Эльяшевич. СПб, Издание Петербургский еврейский университет, 1998. — 394 с. — ISBN 5-88976-004-1
Дереккөздер
- Қазақстан халқы. Энциклопедия. / Бас. ред. Ж. Н. Тойбаева./ Құраст. Ғ. Жандыбаев., Г. Егеубаева. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 172-бет ISBN 978-601-7472-88-7
Сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Jews |
- Cтатья «Евреи» в Энциклопедическом словаре Брокгауза и Ефрона
- История еврейского народа 5 наурыздың 2010 жылы.
- Статья «Евреи 6 қарашаның 2017 жылы.» С. И. Лучицкая. // Словарь средневековой культуры. 23 илл.
- Еврейский Фонд Украины (ағыл.)
- «Евреи в Библии» — статья на сайте «Библия-центр»
- Ваад Украины 15 сәуірдің 2009 жылы.
- http://www.kngu.org/KongrUkr/Communit/ObzhJew.htm 10 қаңтардың 2010 жылы.
- Еврейский век. Полемика вокруг книги Юрия Слезкина «Эра Меркурия. Евреи в современном мире»
- Передача «Не так» радиостанции «Эхо Москвы» с обсуждением книги Юрия Слезкина «Эра Меркурия. Евреи в современном мире»
- Словарь терминов, используемых в текстах иудаизма 20 қарашаның 2012 жылы.