Футболдан Еуропа чемпионаты 2012 (ресми атауы — UEFA EURO 2012™ Poland-Ukraine; көбіне «Еуро-2012») — УЕФА-ның қамқорлығындағы әрбір төрт жыл сайын өткізілетін 14-ші еуропа чемпионаты. Турнирдегі ойындарды Украина мен Польша бірігіп қабылдады. Алғашқы матч Варшавада 8 маусым 2012 жылы ойнатылып, 1 шілде 2012 жылы Киевте финалдық ойынымен аяқталды.
Футболдан 2012 жылғы Еуропа біріншілігі | |
Чемпионат сипаттамасы | |
---|---|
Өткізу орыны | |
Өткізетін қалалар | Польша: Варшава, Познань, Гданьск, Вроцлав |
Стадиондар | Польша: Ұлттық стадион (Варшава), Қалалық стадион (Вроцлав), Қалалық стадион (Познань), PGE Arena (Гданьск) |
Іріктеу мерзімі | |
Финал мерзімі | |
Қатысушылар саны | 52 |
финалда | 16 |
Жүлделі орындар | |
Чемпион | Испания (3-ші рет) |
Екінші орын | |
Үшінші орын | |
Финал өткізу орыны | |
Чемпионат статистикасы | |
Келушілер саны | 1 440 896 (46 481 бір ойында) |
Ойналған мачтар саны | 31 |
іріктеуде | 149 |
Голдар саны | 76 (2,45 бір ойында) |
іріктеуде | 391 (2,62 бір ойында) |
Екі елдің чемпионатта қожайын болуы еуропа ұлттық біріншілік тарихындағы бұл үшінші турнир. Бұған дейін бірінші рет Бельгия мен Нидерланд елдерінде өткізілген 2000 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты және Швейцария мен Австрияда өткізілген 2008 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты болған еді.
Жеребе салу салтанаты Киевтегі «Украина» өнер және мәдениет ұлттық сарайында 2 желтоқсан 2011 жылы өткізілген болатын.
16 команда қатысатын бұл чемпионат соңғы болмақшы, себебі Еуро 2016-дан бастап командалар саны 24-ке көбейеді.
Қожайындарды таңдау Өңдеу
Алғашқы іріктеу Өңдеу
Басында он елден сегіз арыз түскен болатын, алайда үшеуі алғашқы аттестациядан өте алмағандықтан іріктеуден шығарылады.
Кандидаттар | Алғашқы аттестация | Квалификациялық дауыс беру раунды | Ақырғы дауыс беру раунды |
---|---|---|---|
Польша/ Украина | + | 7 | 8 |
Италия | + | 11 | 4 |
Хорватия/ Венгрия | + | 9 | 0 |
Түркия | + | 6 | — |
Грекия | + | 2 | — |
Әзірбайжан | × | — | — |
Румыния | × | — | — |
Ресей | × | — | — |
Нәтижесінде турнирді өткізуге бес арыз қалады. Олар: Хорватия/Венгрия (екі арыз), Грекия, Италия, Польша/Украина (екі арыз) және Түркия. 8 қараша 2005 жылы УЕФА комитеті үш жолды дауыс беру арқылы арыздар санын қысқартады:
31 мамыр 2006 жылы кандидат елдер алдағы Еуропа біріншілігіндегі барлық егжей-текжейлі тетіктерін жариялаған арнайы арыз кітап құруын аяқтайды. 18 сәуір 2007 жылы Кардиффтегі УЕФА сессиясында финалдық дауыс беру қорытындысын жариялайды.
Финалдық раунд Өңдеу
Финалдық раундта бірінші турдың өзінде 12 дауыстың 8 жинаған Украина мен Польшаның арыздары жеңіске жетеді. Қалған төрт дауысты комиссия мүшесі италияндықтарға береді. Дауыс беруге 12 адам қатысады: Мишель Платини (Франция), Герхард Майер-Форфельдер (Германия), Сенеш Эрзик (Түркия), Пер-Равно Омдаль (Норвегия), Анхель Мария Вильяр Лёна (Испания), Джеффри Томпсон (Англия), Мэттью Спренгерс (Нидерланд), Мариос Лефкаритис (Кипр), Джозеф Мифсуд (Мальта), Жилберту Мадаил (Португалия), Мирча Санду (Румыния) және Вячеслав Колосков (Ресей). Батыс Еуропаның қолдауымен таңдалған УЕФА президенті Мишель Платинидің өзі Украина мен Польшаның арыз беруіне қарсы болмаған-ды. Сайлауға дейін ол Шығыс Еуропадағы футболды дамыту керектігін тұспалдаған болатын.
Қатысушылар Өңдеу
Чемпионаттың финалдық кезеңінде 16 құрама қатысады. 1996 жылдан бері келе УЕФА-ға мүше қатысушылардың өсуі жоғары болмасада (48-ден 53-ке дейін, 1996—2006 жылдар аралығы), кейбір еуропалық футбол қауымдастықтары финалистердің санын 24-ке арттыру керектігін айтқан болатын. 2007 жылы 12 сәуірде УЕФА Атқарушы Комитеті ресми түрде Еуро-2012 чемпионатында командалардың өсуі болмайтынын хабарлады. Алайда кейінірек, 2008 жылдың қаңтарында Францияда өтетін Еуро-2016 чемпионатынан бастап финалдық кезеңде 24 команда қатысады деп шешілді.
Іріктеу турнирі Өңдеу
Іріктеу турнирдің жеребе тастауы 7 ақпан 2010 жылы Варшавада өткізілді. Жеребе үшін 51 құраманы 6 себетке бөлді. Алғашқы бес себетте 9 құрама, соңғысына 6 құрама болды. Командаларды топқа бөлу үшін бірінші рет құрамалардың рейтингісімен іріктеді. Командалардың рейтингісін ӘЧ - 2006 және Еуро 2008-дегі іріктеу мен финалдық ойындарындағы, сонымен қатар ӘЧ - 2010 іріктеу турнирінің нәтижесіне қарай рейтингті құрды. Бұған дейін тек квалификацияланған кезеңдердегі нәтижесін ғана есептейтін. Жеребе тастау нәтижесінде құрама командалар 9 топқа бөлінді. Алты топ 6 командадан және үш топ 5 командадан құралды. Топтардағы тоғыз жеңімпаз бен екінші орынды иеленеген ең мықты команда тікелей Еуро-2012 жолдама алды, қалған өз тобында екінші орын алған 8 құрама құрлықтық біріншілікте төрт жолдамаға матч ойнатты. Нәтижесінде 14 финалист шықты, олар турнирдің ұйымдастырушысы Украина және Польшамен бірге Еуро-2012 финалдық сатысына қатысатын болды.
Қатысушы командалардың бас бапкерлері мен капитандары Өңдеу
Команда | Бапкер | Капитан |
---|---|---|
Польша | Францишек Смуда | Якуб Блащиковски |
Украина | Олег Блохин | Андрей Шевченко |
Германия | Йоахим Лёв | Филипп Лам |
Ресей | Дик Адвокат | Андрей Аршавин |
Италия | Чезаре Пранделли | Джанлуиджи Буффон |
Франция | Лоран Блан | Юго Льорис |
Нидерланд | Берт ван Марвейк | Марк ван Боммел |
Грекия | Фернанду Сантуш | Георгиос Карагунис |
Англия | Рой Ходжсон | Стивен Джеррард |
Дания | Мортен Ольсен | Даниэль Аггер |
Испания | Висенте дель Боске | Икер Касильяс |
Швеция | Эрик Хамрен | Златан Ибрагимович |
Хорватия | Славен Билич | Дарио Срна |
Чехия | Михал Билек | Томаш Росицкий |
Ирландия | Джованни Трапаттони | Робби Кин |
Португалия | Паулу Бенту | Криштиану Роналду |
Финалдық турнир Өңдеу
Командалардың құрамы Өңдеу
Тәртіп бойынша турнирдегі алғашқы матчқа он күн қалғанда чемпионатқа қатысушы командалар өз құрамын жариялады. Тек 23 футболшынының (үш қақпашыны есептегенде) арызын ғана тізімге қосуға болды. Қатты жарақаттанған ойыншылар чемпионаттағы алғашқы ойынға 24 сағат уақыт қалғанға дейін орын алмастыра алатын.
Төрешілер Өңдеу
УЕФА бекіткен Еуропа чемпионаты матчтарында қызмет жасайтын басты төрешілердің тізімі 20 желтоқсан 2011 жылы белгілі болды:
Футбол одағы | Арбитр | Ассистенттері | |
---|---|---|---|
Англия | Говард Уэбб | Майкл Малларки | Питер Керкап |
Венгрия | Виктор Кашшаи | Габор Эреш | Гьорги Ринг |
Германия | Вольфганг Штарк | Ян-Хендрик Зальвер | Майк Пикель |
Испания | Карлос Веласко Карбальо | Роберто Алонсо Фернандес | Хуан Юсте Хименес |
Италия | Никола Риццоли | Ренато Фаверани | Андреа Стефани |
Нидерланд | Бьорн Кёйперс | Сандер ван Рукел | Эрвин Зейнстра |
Португалия | Педру Проэнса | Бертину Миранда | Рикарду Сантуш |
Словения | Дамир Скомина | Примож Архар | Матей Жунич |
Түркия | Джюнейт Чакыр | Бахаттын Дуран | Тарик Энгюн |
Франция | Стефан Ланнуа | Фредерик Кано | Микаэль Аннонье |
Швеция | Юнас Эрикссон | Штефан Виттберг | Матиас Класениус |
Шотландия | Крейг Томсон | Аласдаир Росс | Дерек Роуз |
Қақпа сызық бойын бақылау үшін тағы төрт арбитр қосымша төреші ретінде бекітіледі. Бұл үрдіс ФИФА халықаралық кеңесінің және УЕФА Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Еуропа Лигасы ойындарында тәжірибе ретінде жүргізілген болатын. Еуро 2012 матчты бес төреші бақылайтын алғашқы чемпионат болды.
Командалардың киімдері Өңдеу
Бренд | # | Құрама команда |
---|---|---|
Adidas | 6 | Германия, Грекия, Дания, Испания, Ресей, Украина |
Nike | 5 | Нидерланд, Португалия, Хорватия, Польша, Франция |
Umbro | 3 | Ирландия, Швеция, Англия |
Puma | 2 | Италия, Чехия |
Топтық раундтағы командалардың орнын анықтау Өңдеу
Топтық раундтағы командалардың орнын жинаған ұпайына қарай анықтады, яғни ұпайы жоғары болса, жоғарыдан орын алады. Егер де құрамалардың ұпайлары тең түскен жағдайда келесі критерий орындалды:
«i» критерийі келесі жағдайда қолданылмайды: егер «а» дан «f»-ге дейінгі критерий бойынша тең түскен командалар, топтық кезеңнің соңғы турында бір-бірімен ойын ойнайды, егер есеп теңде-тең болғанда пенальти жүргізіледі. Ұтқан команда топтық кестеде жоғарғы орын алады.
Нәтижелер Өңдеу
Топтық кезең Өңдеу
Ширек финалға шыққан командалар | |
Турнирден кеткен командалар |
А тобы Өңдеу
Команда | О | Ұ | Т | Ж | ГС | ЖГ | +/- | Ұпайлар | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1. | Чехия | 3 | 2 | 0 | 1 | 4 | 5 | -1 | 6 |
2. | Грекия | 3 | 1 | 1 | 1 | 3 | 3 | 0 | 4 |
3. | Ресей | 3 | 1 | 1 | 1 | 5 | 3 | +2 | 4 |
4. | Польша | 3 | 0 | 2 | 1 | 2 | 3 | -1 | 2 |
8 маусым 2012 жыл 18:00 UTC+2 |
| Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 56 070 Төреші: Карлос Веласко Карбальо | ||||||
Түсініктемелер: Георгиос Карагунис пенальтиді орындай алмады (71', қорғаушы) |
8 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 | Стадион: Қалалық стадион, Вроцлав Көрермендер саны: 40 803 Төреші: Говард Уэбб | |
12 маусым 2012 жыл 18:00 UTC+2 | Стадион: Қалалық стадион, Вроцлав Көрермендер саны: 41 105 Төреші: Стефан Ланнуа | |
12 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
| Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 55 920 Төреші: Вольфганг Штарк | ||||||
16 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 | Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 55 614 Төреші: Юнас Эрикссон | |
16 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 | Стадион: Қалалық стадион, Вроцлав Көрермендер саны: 41 480 Төреші: Крейг Томсон | |
B тобы Өңдеу
Команда | О | Ұ | Т | Ж | ГС | ЖГ | +/- | Ұпайлар | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1. | Германия | 3 | 3 | 0 | 0 | 5 | 2 | +3 | 9 |
2. | Португалия | 3 | 2 | 0 | 1 | 5 | 4 | +1 | 6 |
3. | Дания | 3 | 1 | 0 | 2 | 4 | 5 | -1 | 3 |
4. | Нидерланд | 3 | 0 | 0 | 3 | 2 | 5 | -3 | 0 |
9 маусым 2012 жыл 19:00 UTC+3:00 | Стадион: Металлист, Харьков Көрермендер саны: 35 923 Төреші: Дамир Скомина | |
9 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
| Стадион: Арена Львов, Львов Көрермендер саны: 32 990 Төреші: Стефан Ланнуа | ||||||
13 маусым 2012 жыл 19:00 UTC+3:00 |
| Стадион: Арена Львов, Львов Көрермендер саны: 31 840 Төреші: Крейг Томсон | ||||||
13 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 | Стадион: Металлист, Харьков Көрермендер саны: 37 750 Төреші: Юнас Эрикссон | |
17 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
| Стадион: Металлист, Харьков Көрермендер саны: 37 445 Төреші: Никола Риццоли | ||||||
17 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 | Стадион: Арена Львов, Львов Көрермендер саны: 32 990 Төреші: Карлос Веласко Карбальо | |
C тобы Өңдеу
Команда | О | Ұ | Т | Ж | ГС | ЖГ | +/- | Ұпайлар | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1. | Испания | 3 | 2 | 1 | 0 | 6 | 1 | +5 | 7 |
2. | Италия | 3 | 1 | 2 | 0 | 4 | 2 | +2 | 5 |
3. | Хорватия | 3 | 1 | 1 | 1 | 4 | 3 | +1 | 4 |
4. | Ирландия | 3 | 0 | 0 | 3 | 1 | 9 | -8 | 0 |
10 маусым 2012 жыл 18:00 UTC+2 | Стадион: PGE Арена, Гданьск Көрермендер саны: 38 869 Төреші: Виктор Кашшаи | |
10 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 | Стадион: Қалалық стадион, Познань Көрермендер саны: 39 550 Төреші: Бьорн Кёйперс | |
14 маусым 2012 жыл 18:00 UTC+2 | Стадион: Қалалық стадион, Познань Көрермендер саны: 37 096 Төреші: Говард Уэбб | |
14 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 | Стадион: PGE Арена, Гданьск Көрермендер саны: 39 150 Төреші: Педру Проэнса | |
18 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 | Стадион: PGE Арена, Гданьск Көрермендер саны: 39 076 Төреші: Вольфганг Штарк | |
18 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
| Стадион: Городской стадион, Познань Көрермендер саны: 38 794 Төреші: Джюнейт Чакыр | ||||||
D тобы Өңдеу
Команда | О | Ұ | Т | Ж | ГС | ЖГ | +/- | Ұпайлар | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1. | Англия | 3 | 2 | 1 | 0 | 5 | 3 | +2 | 7 |
2. | Франция | 3 | 1 | 1 | 1 | 3 | 3 | 0 | 4 |
3. | Украина | 3 | 1 | 0 | 2 | 3 | 4 | -1 | 3 |
4. | Швеция | 3 | 1 | 0 | 2 | 5 | 5 | 0 | 3 |
11 маусым 2012 жыл 19:00 UTC+3:00 | Стадион: Донбасс Арена, Донецк Көрермендер саны: 47 400 Төреші: Никола Риццоли | |
11 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
| Стадион: Олимпиада, Киев Көрермендер саны: 64 290 Төреші: Жүнейт Чакыр | ||||||
15 маусым 2012 жыл 19:00 UTC+3:00 (20:00 UTC+3:00 ауыстырылды) | Стадион: Донбасс Арена, Донецк Көрермендер саны: 48 000 Төреші: Бьорн Кейперс | |
15 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 (22:00 UTC+3:00 ауыстырылды) | Стадион: Олимпиада, Киев Көрермендер саны: 64 640 Төреші: Дамир Скомина | |
19 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
| Стадион: Олимпиада, Киев Төреші: Педру Проэнса | ||||||
19 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 | Стадион: Донбасс Арена, Донецк Көрермендер саны: 48 700 Төреші: Виктор Кашшаи | |
Плей-офф Өңдеу
Ширек финал | Жартылай финал | Финал | |||||||
21 маусым — Варшава | |||||||||
Чехия | 0 | ||||||||
27 маусым — Донецк | |||||||||
Португалия | 1 | ||||||||
Португалия | 0 (2) | ||||||||
23 маусым — Донецк | |||||||||
Испания (пен.) | 0 (4) | ||||||||
Испания | 2 | ||||||||
1 шілде — Киев | |||||||||
Франция | 0 | ||||||||
Испания | 4 | ||||||||
22 маусым — Гданьск | |||||||||
Италия | 0 | ||||||||
Германия | 4 | ||||||||
28 маусым — Варшава | |||||||||
Грекия | 2 | ||||||||
Германия | 1 | ||||||||
24 маусым — Киев | |||||||||
Италия | 2 | ||||||||
Англия | 0 (2) | ||||||||
Италия (пен.) | 0 (4) | ||||||||
Ширек финал Өңдеу
21 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
| Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 55 590 Төреші: Говард Уэбб | ||||||
22 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 | Стадион: PGE Arena, Гданьск Көрермендер саны: 38 751 Төреші: Дамир Скомина | |
23 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 | Стадион: Донбасс Арена, Донецк Көрермендер саны: 47 000 Төреші: Никола Риццоли | |
24 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 | Стадион: Олимпиада, Киев Көрермендер саны: 64 340 Төреші: Педру Проэнса | |
Жартылай финал Өңдеу
27 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 | Стадион: Олимпиада, Киев Көрермендер саны: 64 340 Төреші: Жүнейт Чакыр | |
28 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 | Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 55 540 Төреші: Стефан Ланнуа | |
Финал Өңдеу
Чемпион Өңдеу
Футболдан Еуропа чемпионы 2012 |
---|
Испания Үшінші рет |
Статистика Өңдеу
Марапаттар Өңдеу
2 шілдеде 2012 жылы УЕФА-ның техникалық тобы чемпионаттың нәтижесі бойынша 23 үздік ойыншылардан тұратын турнирдің символикалық құрамасын анықтады. Жинап келгенде Испания құрамасының он ойыншысы кірді. Сонымен қатар УЕФА-ның техникалық саралау тобы жанкүйерлердің пікіріне назар аудара отырып, турнирдің ең үздік ойыншысын жариялады. Ол Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста. Испанияның тағы бір өкілі Фернандо Торрес ең үздік бомбардир атанды.
Қақпашылар | Қорғаушылар | Жартылай қорғаушылар | Шабуылдаушы |
---|---|---|---|
Бомбардирлер Өңдеу
|
|
|