Лесото (сесуто тілінде, ағылш. Lesotho) немесе Лесото патшалығы — Африканың оңтүстігіндегі мемлекет (1966 жылға дейін Басутоленд деп аталды).
Лесото патшалығы ағылш. Kingdom of Lesotho сесото Muso oa Lesotho | ||||
| ||||
Ұран: «Khotso, Pula, Nala» | ||||
Әнұран: «Lesotho Fatse La Bontata Rona» | ||||
Тарихы | ||||
---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 4 қазан 1966 жыл (Ұлыбританиядан) | |||
Мемлекеттік құрылымы | ||||
Ресми тілдері | ағылшын тілі және сесото | |||
Елорда | Масеру | |||
Ірі қаласы | Масеру | |||
Үкімет түрі | Конституциялық монархия | |||
Королі Премьер-министрі | Летсие III Том Табане | |||
Географиясы | ||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті | Әлем бойынша 137-ші орын 30 355 км² 0,0032 | |||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2004) • Тығыздығы | 2 203 821 адам (144-ші) 2 031 348 адам 68,1 адам/км² (138-ші) | |||
Экономикасы | ||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда | 7,448 млрд. $ 3,868 $ | |||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда | 2,721 млрд. $ 1,413 $ | |||
АДИ (2018) | ▲ 0,515 (төмен) (160-шы) | |||
Валютасы | рэнд, лоти | |||
Қосымша мәліметтер | ||||
Интернет үйшігі | .ls | |||
ISO коды | LS | |||
ХОК коды | LES | |||
Телефон коды | +266 | |||
Уақыт белдеулері | UTC+2 және Africa/Maseru |
Жер аумағы 30,35 мың км². Халқы – 2,1 млн. Этникалық құрамының басым бөлігін басуто халқының өкілдері (79%) құрайды. Астанасы — Масеру қаласы Ресми тілдері — ағылшын және сесуто.
Халқының 42%-ы протестанттар, 38%-ы католиктер, қалғандары әр түрлі діни сенімдерді ұстанады. Мемлекеттік құрылысы – конституциялық монархия (корольдік). Заң шығарушы органы – Сенат және Ұлттық Асссамблеядан тұратын қос палаталы парламент. Атқарушы билікті премьер-министр бастаған үкімет жүргізеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 қазан (1966). 1966 жылдан БҰҰ-на және Африкалық Бірлік ұйымына (ОАЕ) мүше.
Ақша бірлігі – лоти.
Табиғаты
Лесотоның шығысы мен оңтүстік Дракон тауларымен шектелген, Басуто үстіртінде орналасқан. Ең биік жері – Табана нтленьяна (3482 м) тауы. Климаты субтропиктік, қаңтардағы орташа температурасы 25 – 26ӘС, шілдеде 15ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 750 – 1000 мм. Басты өзені – Оранис. Ландшафтысына астық тұқымдас шөптесінді дала тән, Дракон тауында бұта басым өседі. Негізгі пайдалы қазбалары – алмас, көмір, уран мен кварц.
Тарихы
Лесотоның ежелгі тарихы аз зерттелген. Лесотоның байырғы тұрғындары бушмендер болды. 17 – 18 ғасырларда басуто тайпалары оларды ығыстырып шығарды. 1860 ж. елді ағылшындар басып алып, 1868 – 1966 ж. аралығында Ұлыбританияның протектораты болды. 1966 ж. Лесото тәуелсіздік алғанымен елде саяси тұрақсыздық орын алып, жиі-жиі әскери төңкерістер болып тұрды. 1993 ж. 27 наурызда халықаралық күштердің қысымымен елде демократиялық сайлау өтіп, әскери режим биліктен кетті. 2 сәуірде парламент Лесотоныңның жаңа конституциясын қабылдады. Лесото сыртқы қатынастарда блоктарға қосылмау саясатын ұстанады.
Экономикасы
Лесото экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Басты дақылдары: жүгері, сорго, бидай, арпа. Мал шаруашылығы, жүн және түбіт өндіру дамыған. Сыртқы саудасы негізінен Оңтүстік Африка Республикасына (экспорт – 85%, импорт – 90%) бағытталған. Жалпы ұлттық өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 2480 АҚШ долларына тең (1997). Сыртқа шикізат өнімдерін, жүн, алмас, бидай, көкөніс шығарады. Сырттан, негізінен, отын, азық-түлік, тұрмысқа қажетті тауарларды әкеледі.
Дереккөздер
- ↑ Lesotho. International Monetary Fund.
- 2016 Human Development Report. United Nations Development Programme (2016). Тексерілді, 21 наурыз 2017.