Бұл мақалада қазіргі уақытта болып жатқан оқиға баяндалады. Мұндағы ақпарат оқиғаның өршуіне сәйкес тез өзгеріп отыруы мүмкін. |
Қазақстандағы су тасқыны (2024) — 2024 жылы Қазақстандағы көктемгі су тасқыны. Қазақстанның 10 облысын су басты және 8 өңірде төтенше жағдай жарияланды.
Қазақстандағы су тасқыны | |
| |
Дата | 27 наурыз 2024 ― қазірге дейін |
---|---|
Ұзақтығы | жалғасуда |
Орны | Абай облысы (ТЖ) Ақмола облысы (ТЖ) |
Түрі | су тасқыны |
Себебі | еріген қар суы |
Нәтижесі | Кемі 16 151 адам эвакуацияланды Уақытша орналастыру пункттерінде 4113 адам бар 50 ауыл аралда қалды |
Шығын | |
Батыс Қазақстан облысы: 1 мыңға жуық мал қырғыны | |
Өлім | 1 |
Жоғалғандар | 4 |
өңдеу |
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметтері су тасқыны салдарын жою, су тасқынына қарсы іс-шараларды, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 4,6 млн. астам м3 (тәулігіне 40 мыңнан астам текше метр) еріген қар суы сорылды, 370 мыңнан астам қапшық (тәулігіне 55 мыңнан астам) және 728 мың тонна инертті материал (тәулігіне 3 мың) төселді. Жұмылдырылған күштермен және құралдармен 13 659 адам, оның ішінде 5 250 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл ретте мемлекеттік авиацияның тартылған әуе кемелерімен 1655 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 6 034 адам, оның ішінде 2 386 бала бар. «Жедел желі» телефондарына 604 қоңырау келіп түсті, 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда.
309 жеке тұрғын үй мен 759 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 257 жеке тұрғын үй мен 400 аула аумағы су астында қалып отыр. Су шайған 55 автожол, оның ішінде 1 көпір және 54 жол төсемі бақылауда.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 49 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ҚМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 8 458 адам, 2 124 техника, 808 су айдау құралы және 65 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды.
БҚО әкімдігінің мәліметінше, өңірде 26 наурыздан бастап Бөрлі ауданында Ақсу, Кеңтүбек, Қарағанды, Пугачев, Қаратөбеде Қоржын, Шалғын, Теректіде Аңқаты, Сырымда Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті ауылдарын су басты. Құтқару жұмыстары барысында 983 бас ірі қара (Теректі – 76, Сырым – 447, Бөрлі – 460), 1814 ұсақ мал (Теректі – 128, Сырым – 731, Бөрлі – 955) және Бөрлі ауданында 31 бас жылқы қауіпсіз жерге айдалды. Алдын ала мәлімет бойынша 91 бас ірі қара, 35 бас жылқы, 899 бас ұсақ мал (соның ішінде Сырым ауданында 43 ірі қара, 141 қой-ешкі, 10 жылқы, Теректіде 21 ұсақ мал, 1 жылқы, Бөрліде 42 ірі қара, 679 ұсақ мал, 2 жылқы, барлығы 1025 бас мал) және Қаратөбе ауданында 112 үй құсы шығынға ұшыраған. Өлген мал санын нақтылау жұмыстары жалғасуда. Облыста сондай-ақ 8 мал моласы (Қаратөбе – 1, Сырым – 6, Теректі – 1) және 14 түйнемеден өлген мал қорымы (Сырым – 13, Тасқала – 1) суға кетті. 5 облыстағы республикалық маңызы бар 6 автомобиль жолында (ұзындығы 410 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
02 сәуір 2024 жыл 10:55 жағдай бойынша төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтуынша, су тасқыны кезеңінде барлығы 15 786 адам эвакуацияланған, оның 6 187-сі балалар, зардап шеккендер жоқ. Уақытша орналастыру орталықтарында 4113 адам, оның ішінде 1911 бала бар.
Алғышарттары өңдеу
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
Салдары өңдеу
Cу тасқыны жағдайы сақталған өңірлердегі оқушылар қашықтықтан оқуға көшірілді.
Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс жариялады. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жаңа үйлері қауіпсіз жерге салынатынын мәлімдеді.
Көмек өңдеу
Kaspi.kz Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорымен білесіп, зардап шеккендерге көмектесу үшін мобильді қосымша арқылы ақша жинауды ұйымдастырды. Санаулы ғана күндерде 55 мың қазақстандық шамамен 80 миллион теңге жинады. Kaspi.kz өз тарапынан көмек қаражатын 200 миллион теңгеге дейін ұлғайтты. Ақша Ақтөбе және Қостанай облыстарында жол жөндеу, құтқарушы тікұшақтардың жұмысын қамтамасыз ету, генератор, насос, үрленетін қайық пен дәрі-дәрмек сатып алу үшін Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қорында аударылады.
«Қазақстан халқына» қоры су басқан ауылдарға үй салуға 5 млрд теңге бөледі. 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына жасалған қайырымдылық көмек көрсету тәжірибесіне сүйене отырып, қор су тасқынынан зардап шеккен ауылдық елді мекендерде 200 үй салуға болады деп есептейді.
Банктер тарапынан көрсетілетін көмектер:
- 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымына дейінгі кезеңде жергілікті атқарушы органдардың тізімі бойынша су тасқынынан зардап шеккендер қатарына жатқызылған қарыз алушылардың несиені өтеу мерзімін ұзарту және төлемді уақтылы төлемегені үшін айыппұл мен өсімпұл есептемеу.
- Су тасқыны салдарынан шаруашылық қызметiнiң бұзылуына әкелген жеке кәсiпкерлер мен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредит мiндеттемелерiн орындауды кейiнге қалдыру.
Дереккөздер өңдеу
- Елдегі су тасқыны: ТЖМ қазіргі ахуал қандай екенін хабарлады. NUR.KZ (2 сәуір 2024). Тексерілді, 3 сәуір 2024.
- Ақтөбе облысында 10 жастағы бала суға батып кетті. NUR.KZ (2 сәуір 2024). Тексерілді, 3 сәуір 2024.
- Абай облысында су тасқыны кезінде тағы бір адам жоғалып кетті. NUR.KZ (1 сәуір 2024). Тексерілді, 3 сәуір 2024.
- ҚР ТЖМ Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат (қаз.). Тексерілді, 1 сәуір 2024.
- ernur.kz Батыс Қазақстанда су тасқыны кезінде өлген мал саны 1 мыңнан асты (қаз.). Тексерілді, 1 сәуір 2024.
- inbusiness.kz Су тасқыны салдарынан 6 жол жабылды (қаз.). Тексерілді, 1 сәуір 2024.
- ↑ kaz.tengrinews.kz Қазақстандағы су тасқыны: үш облыста жағдай күрделі (қаз.). Тексерілді, 2 сәуір 2024.
- nur.kz Қазақстандағы су тасқыны: көптеген мектеп оқытудың онлайн форматына көшіріледі (қаз.). Тексерілді, 1 сәуір 2024.
- kursiv.media Өңірлерді су басуына орай халықтан кешірім сұраған Тоқаев министрлер мен әкімдерге қатаң сөгіс жариялады (қаз.). Тексерілді, 1 сәуір 2024.
- kaspi.kz Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы Biz Birgemiz Qazaqstan қорына қаражат аудару (қаз.). Тексерілді, 1 сәуір 2024.
- Еркеғали Болатұлы «Қазақстан халқына» қоры су басқан ауылдарға үй салуға 5 млрд теңге бөледі (қаз.). Тексерілді, 1 сәуір 2024.
- ernur.kz Қазақстан банктері су тасқынынан зардап шеккендерге көмегі (қаз.). Тексерілді, 2 сәуір 2024.