Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін үлгі-инфобокс енгізу қажет. |
Дмитрий Яковлевич Лаптев (1701 жыл, Псков губерниясы, Великолук уезі, Болотово ауылы - 1771 жыл 31 қаңтар, сонда) - Арктиканы зерттеуші орыс саяхатшысы, вице-адмирал (1762).
Еңбек жолы өңдеу
1718 жылдан теңіз флоты қызметінде. 1736 жылдан Екінші Камчатка экспедициясындағы солтүстік жасақтың бірін басқарды. 1739-1742 жылдары ол Лена сағасынан Үлкен Баранов мүйісіне дейін және Анадырь өзенінің алабын, оның сағасын зерттеп, құрлық пен Анадырь қамалшасынан Пенжина кірмесіне дейінгі жерге сипаттама жазды. 1741-1742 жылдары Үлкен Анюй және Анадырь өзендерін картаға түсірді. 1762 жылы қызметтен кетті.
Лаптев туралы өңдеу
Лена атырауындағы мүйіске, Үлкен Ляхов аралы мен Азия материгі аралығындағы бұғазға Лаптев есімі берілді.
Дереккөздер өңдеу
- Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том