Әл-Анғам сүресі (араб. الأنعام — Шаруа малдары) — 6-ш Құран сүресі. 165 аяттан тұрады. Бұл Меккелік сүренің тақырыбы монотеизм, қайта тірілу, жұмақ мен тозақты қамтиды.
Сүренің арабша мәтіні | |
Атауының мағынасы | Шаруа малдары |
---|---|
Жіктелуі | |
Жерге түсірілу реті | 55 |
Статистика | |
Сүре нөмірі | 6 |
Аяттар саны | 165 |
Джуз | 7 – 8 |
Хизб | 13 – 14 – 15 |
Рукуғ саны | 20 |
Сөз саны | 3860 |
Әріп саны | 12254 |
Алдыңғы сүре | |
Келесі сүре | |
Аударма | |
Аудио | |
| |
Бұл сүреде Ибраһим пайғамбардың аспан денелерін бақылай келе жалғыз Құдай бар деген сенімге қалай келетіні жайлы әңгімесі келтіріледі.
Сүренің жекелеген аяттарынан
- 6:32 - бұл өтпелі дүниені сүймеуді үйретеді:
- 6:59 - тек жалғыз Аллаһ Тағаланың барлық нәрсенің анық-қанығын білетіндігі ескеріледі:
- 6:68 - Бос әңгімені доғаруды бұйрық етті:
- 6:73 - Аллаһның Құдырітті Күштің Иесі екенін үйретеді:
Аяттар 6:75-83
"Осылайша Ыбырайым (Ғ.С.) ға сенушілерден болуы үшін көктердің, жердің (Ғажайып) мүліктерін көрсетттік. (6:75)
Оны түн қаптаған сәтте, бір жұлдыз көрді де: «осы менің Раббым» деді. Жұлдыз батқан кезде; «Бататындарды жақсы көрмеймін» деді. (6:76)
Туған айды көргенде: «Осы менің Раббым» деді. Ол батқанда: «Егер Раббым тура жолға салмаған болса еді, әрине мен де адасқан елден болар едім» деді. (6:77)
Және шыққан күнді көргенде: «осы менің Раббым, мынау үлкенірек» деді. Ол батқан сәтте: «Әй қаумым! Расында, сендер Аллаға ортақ қосқан нәрселерден бездім» деді. (6:78)
«Мен шынайы түрде жүзімді көктерді, жерді жаратқанға мүлде жөнелттім. Және ортақ қосушылардан емеспін» деді. (6:79)
Елі онымен тартысқа кірісті. «Мені рас тура жолға салған Алла жайында менімен таласасыңдар ма? Мен сендердің оған ортақ қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Бірақ Раббым не нәрсе қаласа, (болады) Раббымның білімі әр нәрсені қамтыған. Ойланбайсыңдар ма?»,- деді. (6:80)
«Сендердің қосқан ортақтарыңнан қалайша қорқамын. Сендер ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосудан қорықпайсыңдар. Сенім тұрғысынан екі топтың қайсысы лайығырақ? Егер білетін болсаңдар.» (6:81)
Сондай иман келтіріп, сенімдерін зұлымдықпен былғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тура жолға түсірілгендер. (6:82)
Ыбырайым (Ғ.С.) ның еліне байланысты берген дәлеліміз осы. Қалағанымыздың дәрежесін көтереміз. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші. (6:83)"
Сыртқы сілтемелер
Алдыңғы сүре: әл-Мәида сүресі | Құран - 6 сүре | Келесі сүре: Әл-А'раф сүресі |
Арабша мәтіні — Қазақ тілі | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 |