Перигелий (гр. peri – маңы, helios – Күн) — Күнді айнала қозғалатын кез келген аспан денесі (планета, комета және т.б.) орбитасының күнге ең жақын нүктесі; Күнді айнала қозғалатын планеталардың, құйрықты жұлдыздардың және қандайда бір аспан денелерінің орбиталарының Күн центріне ең жақын нүктесі.
Жер перигелий жағдайына Солтүстік жарты шардың қыс айында (3 каңтар) келеді. Жердің күнге ең жақын (147 млн км) және ең алыс (152 млн км) нүктелерінің айырмасы 5 млн км. Бірақ жердің күннен орбитадағы орташа қашықтығымен салыстырғанда тым мардымсыз болғандықтан оның жылудың таралуына ешқандай ықпалы болмайды.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
- Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |