Баймұратов Ораз(14.9.1935 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы ) – экономика ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975), (Қазақстан ғылым академиясының) (академигі) (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991), Халықаралық және ҚР Инженерия академияларының академигі (1992).
Уақ тайпасынан шыққан.
Мәскеу алтын және түсті металдар институтын бітірген (1957). Экономикалық институтының ғылым қызметкері, аспиранты, бөлім меңгерушісі (1957–1980), өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі төрағасының орынбасары (1980–1983), төрағасы (1983–1994) қызметтерін атқарды. Қайта құру кезеңінде Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, ондағы Республикалар кеңесі төрағасының орынбасары (1991–1992) болды, кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде қаржы, бюджет және банктер жөніндегі тұрақты комитетін (1994–1995) басқарды. 1996 жылдан Қазақстанның Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1971 жылы «Экономическая эффективность капитальных вложений в промышленное производство» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Баймұратовтың зерттеулерінің негізгі бағыты – ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі, экономиканың басым бағыттарын анықтау теориясы, аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері, нарықтық қарым-қатынасқа көшу мәселелері. Баймұратов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын ғылыми болжау, Алматы қаласы, Балқаш, Арал, (Каспий) өңірлерін кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге ат салысты. Баймұратов 230-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы (сыйлық) лауреаты (1980).
Шығармалары
- Методы оценки и анализа перспективы капитальных вложений, А.-А., 1972;
- Экономические приоритеты, А.-А., 1985; Наука и производительные силы, А.-А., 1991;
- Государственное регулирование экономики, А., 1998
Дереккөздер
- Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — .
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , II том;
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер