Ақылбек Сабалұлы, Ақылбек бин Сабал Тұрабаев (17.9.1880, бұрынғы Семей облысы, (Қарқаралы уезі), — 4.1.1919, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, (Бесқарағай ауданы), ) — ақын. оқыған.
Руы — Уақ.
(Араб), (парсы), (түрік) тілдерін жетік білген. Ақындық өнерде Абайды ұстаз тұтқан. Шығыс әдебиетінің қисса-хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, уақиғалы поэма-дастандар жазып байытқан. Қазан баспасынан шаққан қиссалары: “” (1902, 1911), (бұл поэмасы “” (1976) жинағына кірген), “(Бозжігіт)” (1910, 1911), “” (1911), “Ибраһим” (1911), “” (1911), “” (1911, 1920), “(Алтын балық)” (1912), “” (1915), “” т. б. Қазаннан басылып шаққан төл шығармалары: “” (1910, 1911) — жастық-махаббат жайындағы өлеңдер, “(Назым)” (1911), “” (1911), “” (1911), “(Сәтбек батыр)” ((поэма), 1911, 1915) т. б. Өз қолынан жазған еңбектерінен үш қолжазбасы бар. Өлең-жырларының негізгі тақырыбы: (адамгершілік), (адалдық), , өнер-ғылым мәселелері. Ақылбек кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан қаласының үлкен кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайында, Сарыой деген жерде. Ақылбектің есімі қазақ әдебиетінің тарихында кітаби, қиссашыл ақын ретінде белгілі. Оның Қазан баспасынан шыққан аудармалары: «Таһир - Зуһ-ра» (1902, 1911), «Бозжігіт» (1910, 1911), «Ибраһим» (1911), «Ғибрат наме» (1911), «Қисса Марғүба» (1911) мен төл шығармалары: «Мағшұқ наме» (1910, 1911), «Назым» (1911) т. б. негізінен шығыстық сюжетке құрылған. Ол ақындық жолда Абайды өзіне ұстаз тұтқан, әдеби туындылары тақырыптық жағынан Абай шығармаларымен тамырлас. Өлең-жырларында Абай поэзиясына тән адамгершілік, имандылық, әділеттілік, бұқараны, әсіресе, жастарды оқу білім, ғылым мен өнерге үндеу желісі молынан көрінеді. Ол Абайдың үлгісімен өз заманының күңгірт жақтарын, әлеум. теңсіздікті батыл әшкерелеп, өмір құбылыстарына сын көзімен қараған.
Дереккөздер
- Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — .
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер