Аризона (ағылш. Arizona, ([ɛrɪˈzoʊnə]; [ærɪˈzoʊnə]; навахо Hoozdo Hahoodzo) — Америка Құрама Штаттарының 48- штаты. Елдің оңтүстік-батысында орналасқан. Ютмен, Колорадо және Нью-Мексикомен бірге «төрт бұрыш штаттары» санына кіреді . Штаттың астанасы және ірі қаласы — Финикс (Phoenix). Население штата в 2011 жылғы жағдаймен штаттың халқы 6 482 505 тұрғын — бұл көрсеткішпен Аризона АҚШ-та 16-орында. Аризонаның климаты қысы ерекше жұмсақ және жылдың жазғы уақытында жоғары температуралы.
АҚШ штаты | ||
Аризона | ||
| ||
Штат ұраны | лат. Ditat Deus | |
Штат лақапаты | «Үлкен каньон штаты» | |
Финикс | ||
Ең ірі қаласы | Финикс | |
Тұрғыны | 6 482 505 (2011 жыл) 16-ші орын (АҚШ б-ша) | |
- тығыздығы | 21,96 адам/км² | |
6-ші орын | ||
- барлығы | 295 254 км² | |
- су беті | (0,32 %) | |
- ендік | 31°20' с. е. бойынша 37° с. е., 500 км | |
- бойлық | 109°3' б. б. бойынша 114°50' б. б., 645 км | |
Теңіз деңгейінен биіктігі | ||
- максимал биіктігі | 3852 м | |
- орташа биіктігі | 1250 м | |
- минимал биіктігі | 22 м | |
Штат статусын иеленуі | 14 ақпан 1912 жылы 48 ретпен | |
- штат болмай тұрып | ||
Губернаторы | Джейн Брюэр | |
Заң шығару органы | Аризона Легислатура | |
- жоғарғы палатасы | Аризона Сенаты | |
- төменгі палатасы | Аризона өкілдер палатасы | |
Уақыт белдеуі | UTC-7 | |
Домені | AZ, Ariz., US-AZ | |
Ресми сайты: | http://az.gov/ | |
|
Халқы
АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Аризона халқы 6 482 505 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 1,42 %-ке өскен.. Финикс метрополисінің халық саны 1991 ден 2001 жылға дейін 45,3 % өскен, Аризона 90-жылдарда халықы ең жоғары өскен екінші штат болып саналды (Невада штаты бірінші болды).. Қазіргі уақытта Финикса метрополисі халық саны 4,3 млн адамнан асқан. Аризонаның 58 %-ке жуық халқы 100 мың адамнан көп тұратын қалаларда өмір сүреді (елдің барлық штаттарының арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш).
2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (73 %), афроамерикандықтар (4,1 %), байырғы америкалықтар (4,6 %), азиялықтар (2,8 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,2 %), басқа нәсіл өкілдері (11,9 %), екі және одан көп нәсілділер немесе аралас нәсілдер — мулаттар, метистер (3,4 %). 2009 жылғы дерек бойынша Аризона халқының шығу тегі: мексикандықтар (27,4 %), немістер (16 %), ирландықтар (10,8 %), ағылшындар (10,1 %), итальяндар (4,6 %). Аризонада үндіс тілімен сөйлейтін адам саны бойынша барлық 48 континентальды штаттар арасында арасында ең көп штат болып есептеледі. 85 мыңға жуық адам навахо тіліде сөйлейді және 10,4 мың адам батыс-апач тілінде сөйлейді. Аризоналық Апач округында үндіс тілін сақтаушылар АҚШ бойынша ең көп шоғырланған 2010 жылы штатты құпия қоныстанушылар 7,9 % болды (екінші елдегі ең жоғары көрсеткіш).
2005—2007 жылдары штаттың халқының 72,1 % үйде тек қана ағылшынша; 21,7 % — испанша сөйлескен .
Халық санының динамикасы:
- 1950: 749 587 адам
- 1960: 1 302 161 адам
- 1970: 1 745 944 адам
- 1980: 2 718 215 адам
- 1990: 3 665 228 адам
- 2000: 5 130 632 адам
- 2010: 6 392 017 адам
Халықтың дін тұтынушылар құрамы:
- католиктер — 29 %
- дінсіздер атейстер — 17 %
- евангель христиандары — 10 %
- баптисттер — 8 %
- мормондар — 6 %
- методисттер — 5 %
- қалғаны — 25 %
Аризонада 50 мыңға дейін орыстілді тұрғындар өмір сүреді.
Географиясы
Аризона АҚШ-тың оңтүстік -батысында орналасқан, батысында Калифорниямен және Невадамен, солтүстігінде — Ютамен, солтүстік-шығысында — Колорадомен, шығысында — Нью-Мексико, оңтүстігінде — Мексикамен шекараласады. Штаттың территориясының аумағы 295 254 км² (елдің штаттарының ішінде 6-орында).
Штат территориясының едәуір бөлігін тау, үстірт және шөл алып жатыр. Аризонада орасан зор сары қарағайлы массиві орналасқан. Штаттың солтүстігінде Колородо өзені және ондағы Үлкен каньон орналасқан. Юго-западную часть Аризоны оңтүстік-батыс жағында Сонара шөлі, Финикс, Тусон және Юма қалалары орналасқан.
Графтықтары ағылш. Counties
Аризона графтықтарға бөлінеді. 1983 жылы штат 15 графтықа бөлінген.
Аризона графтықтары | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Графтың аты | Графтық орталығы | Орнаған жылы | Халық саны (2010) | Үлесі | Аумағы (кв. миль.) | Үлесі |
Apache | St. Johns | 1879 | 71,518 | 1.12 % | 11,218 | 9.84 % |
Cochise | Bisbee | 1881 | 131,346 | 2.05 % | 6,219 | 5.46 % |
Coconino | Flagstaff | 1891 | 134,421 | 2.10 % | 18,661 | 16.37 % |
Gila | Globe | 1881 | 53,597 | 0.84 % | 4,796 | 4.21 % |
Graham | Safford | 1881 | 37,220 | 0.58 % | 4,641 | 4.07 % |
Greenlee | Clifton | 1909 | 8,437 | 0.13 % | 1,848 | 1.62 % |
La Paz | Parker | 1983 | 20,489 | 0.32 % | 4,513 | 3.96 % |
Maricopa | Phoenix | 1871 | 3,817,117 | 59.72 % | 9,224 | 8.09 % |
Mohave | Kingman | 1864 | 200,186 | 3.13 % | 13,470 | 11.82 % |
Navajo | Holbrook | 1895 | 107,449 | 1.68 % | 9,959 | 8.74 % |
Pima | Tucson | 1864 | 980,263 | 15.34 % | 9,189 | 8.06 % |
Pinal | Florence | 1875 | 375,770 | 5.88 % | 5,374 | 4.71 % |
Santa Cruz | Nogales | 1899 | 47,420 | 0.74 % | 1,238 | 1.09 % |
Yavapai | Prescott | 1865 | 211,033 | 3.30 % | 8,128 | 7.13 % |
Yuma | Yuma | 1864 | 195,751 | 3.06 % | 5,519 | 4.84 % |
Барлығы: 15 | 6,392,017 | 113,997 |
Дереккөздер
- Annual Estimates of the Resident Population for the United States, Regions, States, and Puerto Rico: сәуір 1, 2010 to шілде 1, 2011 (CSV). 2011 Population Estimates. АҚШ халық санағы бюросы, Population Division (желтоқсан 2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 ақпан 2012. Тексерілді, желтоқсан 21, 2011.
- «Ranking Tables for Metropolitan Areas: 1990 and 2000.» АҚШ халық санағы бюросы. сәуір 2, 2001. Тексерілген шілде 8, 2006.
- American FactFinder — Results
- American FactFinder, United States Census Bureau Arizona – Selected Social Characteristics in the United States: 2007-2009. Factfinder.census.gov. Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 2 қараша 2011.
- Arizona has most Indian language speakers. upi.com Accessed 2011-12-12.
- Slevin, Peter. New Arizona law puts police in 'tenuous' spot, Washington Post (сәуір 30, 2010), бет A4.
- Resident Population Data — 2010 Census 17 тамыздың 2011 жылы.
- U.S. Religious Landscape Survey (PDF). The Pew Forum (ақпан 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 13 қазан 2009.
- Сайт Русской библиотеки-клуба в Финиксе, Аризона. 11 тамыздың 2011 жылы.
- "Table 1. The Counties and the Most Populous Incorporated Places in 2010 in Arizona: 2000 and 2010". U.S. Census Bureau. Retrieved қаңтар 8, 2012. 17 қазанның 2011 жылы.
Сыртқы сілтемелер
Штаттың ресми үкімет вебсайты
Басқа дереккөздер
- Arizona State Guide, from the Library of Congress
- Arizona Demographic Data from FedStats 21 сәуірдің 2003 жылы.
- Community profiles 1 желтоқсанның 2017 жылы. from Arizona Department of Commerce
- Arizona Indicators, state's central resource for information on a wide range of topics
- Energy Data & Statistics for Arizona
- Arizona State Databases 9 қарашаның 2017 жылы. – Annotated list of searchable databases produced by Arizona state agencies and compiled by the Government Documents Roundtable of the American Library Association.
- Arizona State Library, Archives and Public Records 26 маусымның 2004 жылы.
- USGS real-time, geographic, and other scientific resources of Arizona 5 желтоқсанның 2011 жылы.
- Arizona State Facts 5 мамырдың 2015 жылы.
- Arizona Classifieds
- Morrison Institute for Public Policy, independent research and analysis center for Arizona public policy and issues
- Аризона DMOZ каталогында