«Шалқар» ұлттық арнасы - республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна. Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 62,04 пайызына тарайды. Ғаламтордағы жеке сайты арқылы әлемнің әр түкпірінен тыңдау мүмкіндігі бар.
Мемлекет | Қазақстан |
---|---|
Тарату аймағы | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 1 қаңтар 1966 жыл |
Уақыты | 18 сағат |
Түрі | радио |
Тілі | Қазақ тілі |
Иесі | "Қазақ радиолары" ЖШС |
Директоры | Болатбек Төлепберген |
Торабы | qazradio.fm/shalqarfm/ |
Тарихы өңдеу
«Шалқар» ұлттық арнасы 1966 жылдың 1-қаңтарында ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады. "Шалқар" деген атқа қалай ие болғаны жәйлі бір қызық тарихи дерек бар. Енді енді ашылып жатқан "Қазақ радиосы" ұжымына Қазақ педагогикалық институтын, журналистика факультетін бітірген жас маман жұмысқа кіреді. Ол жас маман біз білетін Қазақстан жазушылар одағының мүшесі жазушы Кеңесжан Шалқаров еді. "Қазақ радиосының" басшылығы жаңадан арна ашуға дайындалып жатқанда, атын қайтып және, не деп атаймыз деген сұрақпен ойланып қалыпты. Сонда, жас маман К. Шалқаров, өзінің ұсынысын білдіріпті. Ол "ШАЛҚАР" деген атқа ой білдірген. Сөйтіп, "Қазақ радиосының" басшылығы қарсы болмай, жаңадан арна ашып, сол арна әдемі және өте жарқын атқа ие болады.
«Шалқар» радиосының ресми сайты http://shalkarfm.kz/ 8 шілденің 2015 жылы. 2011 жылғы 18 шілдеден ақпарат таратады. Онлайн трансляция 18 шілдесінен бері эфирде.
«Шалқар» ұлттық арнасының басты мақсаты - қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.
Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна «Бүгінгі әдебиет», «Ағалардың алақаны», «Ғасыр ғибраттары», «Күй-шежіре», «Шалқар» шаңырағында, «Сал домбыра», «Інжу-маржан», «Наридірген», «Терме» сынды хабарларын ұсынып келеді. Алыстан атамекенін аңсап жеткен отандастарымыздың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін «Туыстар-ай» хабары бүгінде тыңдармандардың зор ықыласына ие.
Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған. Сондықтан да «Шалқар» ұлттық арнасы арқылы таралатын музыкалық хабарлардың маңызы зор, көтеретін жүгі ауыр.
Радиода әр жылдары белгілі журналистер М.Жантикин, Е.Әбдіғапаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, К. Шалқаров,талантты дикторлар С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы жұмыс істеді.
"Шалқар" радиосы 1998 — 99 жылы бюджет тапшылығынан өз жұмысын мүлдем тоқтатты. 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Қазіргі жағдайда республика бойынша 9 облысқа тарайды. "Шалқар" радиосының басты мақсаты қазақ халқының ұлттық-рухани құндылықтарын жан-жақты насихаттау. Осы мақсатта “Өнерім-Өмірім”, “Атадан қалған асыл сөз”, “Жеті ғасыр жырлайды”, “Алтын тамыр”, “Жайдарман”, “Сағыныш сазы”, “Балауса”, тағы басқа бағдарламалар ашқан.
Радио 2012 жылы Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Орталықта жоғары деңгейдегі шығармашылықпен жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған. Жетілген сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды.
Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі - редакция болып келген радиоарна 2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылды.
Басшылары өңдеу
- Сәркен Оспанов
- Қалқаман Сарин
Ұжым өңдеу
- Мұхтар Тұртай 8 тамыздың 2014 жылы. - «Шалқар» радиосының Бас редакторы
- Темірхан Момбекұлы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Ғалым Есенсариев 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Рүстем Жүніс 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Жасұлан Базарбеков 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Қымбат Атағұлова 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Гүлсара Қабланова 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Смағұлова Эльвира Саламатқызы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Әйгерім Оралбекқызы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Сыбанқұлова Ләззат 8 тамыздың 2014 жылы. - Тиышбекқызы Редактор-жүргізуші
- Гүлнұр Омарханқызы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Бағдагүл Рахметқызы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Құтпанбай Бақыт Жағыпарұлы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор
- Кенжебаев Қайсар Тұрмағанбетұлы 8 тамыздың 2014 жылы. - Дыбыс режиссері
- Жұмакүлбай Жадыра Серікбекқызы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Сәрсенғали Жүзбаев 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Тәкежанова Гүлшат Ақатқызы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Нығметова Мейрамгүл Исатайқызы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Толқын Сұлтанова 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Айнұр Шамшейтова 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Дария Сағындыққызы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
- Нұрмат Мансұров 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор
- Қуаныш Кәрімұлы 8 тамыздың 2014 жылы. - Редактор-жүргізуші
Аймақтық жиілік өңдеу
«ШАЛҚАР» ұлттық арнасының хабарлары ҒМ толқындарында (Қазақстан Республикасы)
Бағдарламалары өңдеу
- «Бесігіңді түзе» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Ағалардың алақаны» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Ғылым және қоғам» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Жақсының жары» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Атадан қалған асыл сөз» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Жан мейірі» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Зиялы қауым» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Парыз» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Айдында жүзген ай сәуле» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Балбұлақ» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Жеті ғасыр жырлайды» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Күй-шежіре» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Ғасыр ғибраттары»(қолжетпейтін сілтеме)
- «Ел суреттері» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Біздің елдің жігіттері...» 8 тамыздың 2014 жылы.
- «Отырар кітапханасы» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Дода» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Әлқисса...» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Аққулы айдын» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Сал домбыра»(қолжетпейтін сілтеме)
- «Қайырлы таң, Қазақ елі!»(қолжетпейтін сілтеме)
- «Назқоңыр» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Сазды сәлем» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Терме» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Жұлдызды түн» 13 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Төртінші билік» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Жайдарман» 8 тамыздың 2014 жылы.
- «Жақсының жары»(қолжетпейтін сілтеме)
- «Денсаулық» 8 тамыздың 2014 жылы.
- «Наридірген» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Жыр отау» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Қасиетті қазақ жері» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Депутат сағаты» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «EXPO.KZ» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Шырқа, дауысым!» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Кәсіп иесі» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Шалқар» сараптамасы 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Дәстүр» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Мәдениет мәйегі»(қолжетпейтін сілтеме)
- «Өнер алаңы» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Радиосайыс» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Сөйлеу мәдениеті» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Әдебиет әлемі» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Күміс көмей, жез таңдай» (қолжетпейтін сілтеме)
- «Сахна сыры» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Сырғалым»(қолжетпейтін сілтеме)
- «Әлем әдебиеті» 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Ұшқын» 13 қыркүйектің 2014 жылы.
- «Алаштың Астанасы» 13 қыркүйектің 2014 жылы.
Дереккөздер өңдеу
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім
- http://shalkarfm.kz/kz/category/veshanie 15 қыркүйектің 2014 жылы.
- http://shalkarfm.kz/kz/programs/index/programs 15 қыркүйектің 2014 жылы.
Сыртқы сілтемелер өңдеу
- «Қазақстан» РТРК» АҚ ресми веб-порталы
- «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ресми сайты 28 шілденің 2014 жылы.
- «Шалқар» радиосының ресми веб-сайты(қолжетпейтін сілтеме)