Ресей Елтаңбасы (орыс. Герб России), ресми түрде Ресей Федерациясының Елтаңбасы (орыс. Герб Российской Федерации) — Ресей туы және әнұранымен қатар Ресейдің мемлекеттік рәміздерінің бірі. Оның дизайны Ресей Империясының бұрыңғы елтаңбаларының дизайндарына негізделген.
Ресей Федерациясының елтаңбасы орыс. Герб Российской Федерации | |
| |
Нұсқалар | |
---|---|
| |
Негізгі ақпараттар | |
Бекітілді | 30 қараша 1993 |
Бөлшектер | |
Қалқан | Қызыл қалқанның ішінде екі қанатын қарама-қарсы бағытта ашқан екі басты алтын қыран бейнеленген, екі басы да Императорлық тәж киген, оң аяғы скипетр, сол аяғы держава ұстап тұр; екі тәжді үстінде бейнеленген үлкен тәждің таспасы байланыстырып тұр; қыранның денесінің үстінде тағы бір қызыл қалқан бейнеленген, ол жерде ат мінген Әулие Георгийдің айдаһарды өлтірудегі бейнесі |
Авторлық ұжым | |
Евгений Ухналёв |
Сипаттамасы
Елтаңбаның екі басты элементтері (екі басты қыран мен ат мінген Әулие Георгий) орыс халқымен Ресей тұңғыш патшасы I Пётрдан да бұрын қолданылады деп есептеледі.
Елтаңбаның қазіргі дизайнын Евгений Ухналёв жасаған; ол 1993 жылы 30 қараша күні Ресей Президентінің указымен қабылданған еді.
Қазіргі дизайнында қыран киген екі тәж Ресейдің бірлігі мен егемендігін білдіреді. Екі аяғы ұстаған скипетр мен держава — геральдиканың дәстүрлері бойынша биліктің символы болып келеді. Скипетрдің ұшында елтаңбаның өзі бейнеленген, осының нәтижесінде Ресей Елтаңбасы — Дросте эффектісінің мысалы бола алады. Ресей — монархиялы мемлекет болмағанымен, елтаңбада монархисттік символдарды байқауға болады.
Қолданылуы
Елтаңба Ресей паспорттарында, мемлекеттік ғимараттар сыртында, Ресей Президенттік штандартында, Қарулы Күштер баннерінде және 2016 жылдан бастап рубль сыртында бейнеленген.
Тарихы
Дереккөздер
- http://flag.kremlin.ru/emblem/ (орысша) Кремльдің ресми сайтындағы мәлімет
- Дмитрий Иванов, http://sovet.geraldika.ru/article/17588 Геральдика