Пюи-де-Дом (фр. Puy-de-Dôme [pɥi də ˈdom], окс. Puèi Domat, Puèi de Doma) — Франция орталық бөлігінің оңтүстігінде орналасқан департамент, Овернь аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 63. Әкімшілік орталығы — Клермон-Ферран қаласы. Халық саны 629416 адам (департаменттер арасында 37-ші орын, 2009 ж.).
Географиясы
Жер аумағы 7970 км². Жер бедері негізінен таулы болып келеді. Пюи-де-Дом департаментамі Алье, Луара, Жоғарғы Луара, Канталь, Коррез және Крёз департаменттерімен шектеседі.
Департамент арқылы Алье және Дордонь өзендері ағып өтеді.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Департамент 5 округ, 61 кантон және 470 коммунаны қосады.
Тарихы
Департамент 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі.
Экономикасы
Департамент префектурасы саналатын Клермон-Ферран қаласы Францияның ең танымал компанияларының бірі — Michelin компаниясының штаб-пәтері болып табылады.
Тағы қараңыз
Сілтемелер
- Ресми сайты (фран.)
- Бас кеңесінің сайты 3 желтоқсанның 2004 жылы. (фран.)
- Туризм агентствосы (фран.)
Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |