Мичиган (ағылш. Michigan) — АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігіндегі орналасқан штаты. Жер ауданы бойынша елде 11-ші орында - 250 493 км². Халық саны бойынша 8-орында - 9 895 622 адам (2013). Әкімшілік орталығы - Лансинг қаласы, ең үлкен қаласы - Детройт. Басқа ірі қалалары - Грэнд-Рэпидс, Уоррен, Флинт, Стерлинг-Хайтс, Энн Арбор, Уэйн.
АҚШ штаты | ||
Мичиган | ||
| ||
Штат лақапаты | «Ұлы көлдер штаты» | |
Лансинг | ||
Ең ірі қаласы | Детройт | |
Тұрғыны | ▲ 9 895 622 (2013 жыл) 8-ші орын (АҚШ б-ша) | |
- тығыздығы | 174 адам/км² | |
11-ші орын | ||
- барлығы | 250 493 км² км² | |
- су беті | ( | |
- ендік | 41°41' с. е. бойынша 47°30' с. е., | |
- бойлық | 82°26' б. б. бойынша 90°31' б. б., | |
Теңіз деңгейінен биіктігі | ||
- максимал биіктігі | ||
- орташа биіктігі | ||
- минимал биіктігі | ||
Штат статусын иеленуі | 1837 жыл 26 қаңтар 26 ретпен | |
- штат болмай тұрып | ||
Губернаторы | Рик Снайдер | |
Заң шығару органы | ||
- жоғарғы палатасы | ||
- төменгі палатасы | ||
Уақыт белдеуі | UTC -5/жазда -4 | |
Ресми сайты: | http://www.michigan.gov/ |
Географиясы
Штаттың аумағының 41%-ы су бетіне тиесілі. Штаттың айналасында Ұлы көлдердің 4-і орналасқан - Жоғарғы, Мичиган, Гурон және Эри.
Елдің 6 штатымен шектеседі: солтүстігінде - Жоғарғы және Гурон көлдері арқылы канадалық Онтарио провинциясымен, шығысында - Мичиган көлі арқылы Иллинойс және Висконсин, оңтүстігінде - Огайо және Индиана штаттарымен.
Этностық құрамы
- Ақтар — 78,9%
- Афроамерикандықтар — 14,2 %
- Үндістер — 0,6 %
- Азиялықтар — 2,4 %
- Басқалары — 1,5 %
Экономикасы
Штатта ішінде орналасқан Детройт қаласы әлемге АҚШ-тың автомобиль өндіру орталығы ретінде танымал. Пайдалы қазбаларға бай штат. Штатта мұнай, темір, табиғи газ, торф өндіріледі. 2010 жылы Экономикалық анализ бюросының бағасы бойынша штаттың жиынтық ішкі өнімі $384,1 миллиард болған.