Миди-Пиреней (фр. Midi-Pyrénées, окс. Miègjorn-Pirenèus, гаск. Mieidia-Pirenèus) — Францияның оңтүстігіндегі бұрынғы аймақ. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Окситания аймағының бөлігі болды. Басты қаласы — Тулуза (650 мың тұрғын). Халқы — 2 903 420 адам (2011 жылы — аймақтар арасында 8 орын).
Миди-Пиреней |
---|
фр. Midi-Pyrénées окс. Miègjorn-Pirenèus гаск. Mieidia-Pirenèus | |
---|---|
(Аймақ туы) | (Аймақ елтаңбасы) |
Орналасуы | |
| |
Статусы | бұрынғы аймақ |
Астанасы | Тулуза |
Кеңес президенті | Мартен Мальви (2010—2014; СП) |
Префект | Доминик Бюр |
Департаменттер | 8 департамент |
Округтер | 22 округ |
Кантондар | 293 кантон |
Коммунналар | 3020 коммунна |
Халқы | (8 орын) |
* 01.01.2011 (бағалаулар бойынша) | 2 903 420 |
* 08.03.2011 (санақ бойынша) | |
* Тығыздығы (17) | 64,03/км² |
Жер аумағы1 | 45 348 км² |
Жер аумағы бойынша орны | 1 |
Уақыт белдеуі | +1 |
ISO | FR-N |
Сайты | midipyrenees.fr |
1 Өзен, су, көлдерді және ауданы 1 км² астам мұздықтарды, сондай-ақ өзендердің эстуарийлерін санамағандаға жер реестрі бойынша. | |
География
Ауданы: 45 348 км². Бұрынғы аймақ аумағы арқылы Адур, Арьеж, Гаронна және Лот өзендері ағып өтеді.
Әкімшілік бөлініс
Аймақтың құрамына Жер, Арьеж, Аверон, Жоғарғы Гаронна, Жоғарғы Пиреней, Лот, Тарн және Тарн және Гаронна департаменттері кірді.
Аймақтың негізгі бөлігі бұрын Гасконь, Лангедок және Руэрг провинцияларының құрамына кірген аудандардан тұрады.
Халқы
Экономикалық белсенді халық: 936 мың адам адам. Бұрынғы аймақ астанасы Тулуза студенттер саны бойынша Франциядағы үшінші қала (Париж мен Лионнан кейін).
Жұмыспен қамту:
- ауыл шаруашылығында: 14,4%
- өнеркәсіпте: 26,8%
- қызмет көрсету саласында: 58,8%
Штаб-пәтері Тулузада орналасқан Airbus компаниясында 20 000-нан астам адам жұмыс істейді.
Сілтемелер
- Аймақтық кеңестің ресми сайты 13 қыркүйектің 2011 жылы.
- (франц.)
- Миди-Пиреней, Франция провинциясы (ағыл.)
- (ағыл.)