Лилия Сәкенқызы Мусина - 1956 жылы 31 шілдеде қаласында туған. Қазақ. Уақ тайпасынан шыққан.
Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын (1978) экономист мамандығы бойынша; Ресей мемлекеттік қызмет академиясының аспирантурасын (1991); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1999) мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (1991). (Диссертация) тақырыбы: «Басқару қызметкерлерін кадрлар жүйесін қамсыздандыруды қалыптастыру». 40 мақала мен жарияланым авторы. 1 кітаптың тең авторы. 1 авторлық куәлік иегері. Орыс және ағылшын (ауызекі) тілдерін біледі. «(Нұр Отан») ХДП мүшесі. 1978 жылдан - Павлодар облыстық (статистика) басқармасының экономисі. 1980 жылдан - Павлодар қаласының Қазақ еңбек ғылыми-зерттеу институт филиалының белім экономисі. 1982 жылдан - Павлодар облыстық атқару комитетінің бас маманы, еңбек женіндегі бөлім бастығының орынбасары. 1986 жылдан - Қазақстан Компартиясының Павлодар облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1988 жылдан - КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты. 1991 жылдан - Павлодар облыстық экономика басқармасының нарықтық қатынастарды дамыту бөлімінің бастығы. 1993 жылдан - «Октябрь» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті. 1995 жылдан - Павлодар облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары. 1997 жылдың ақпанынан - ҚР Парламент Сенаты 1-ші шақырылымының депутаты, Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері комитетінің мүшесі. 1999 жылдың сәуірінен - ҚР Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау белім меңгерушісінің орынбасары. 1999 жылдың тамызынан - ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2007 жылдан бері - «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары.
«(Құрмет») орденімен (2003), 5 мерейтойлық медальмен марапатталған. Әскери атағы - запастағы майор. Діни көзқарасы - «Барлық діндерге төзімділікпен қараймын, ал өзімді мұсылмандықпен тұтастандырамын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. (Назарбаев), М.С. Горбачев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік». Хоббиі - бейнелеу, гүл өсіру, керкем және ғылыми-көпшілікті әдебиет. Сүйіп оқитын әдебиеті - қанатты сездер, психологиялық проза, хайку поэзиясы.
Дереккөздер
- Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — .
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер