Жак Рене Ширак (фр. Jacques René Chirac, МФА (фран.): [ʒak ʁə.ne ʃi.ʁak])(Париж қ. 29 қараша 1932 жылы- 26 қыркүйек 2019 ж.) — француз қоғам қайраткері, 1995-2007 жылдары арасында Франция президенті. Ширак ата-анасы: Абель Франсуа Ширак (1893—1968) және Мари-Луиза Валетт (1902—1973), Францияның оңтүстіндегі департамент Коррез өңірінен, атасының екеуі де мұғалім болған, арғы бабалары —лимузен шаруалары.
Жак Ширак Jacques Chirac | |||
Франция президенті Бесінші республиканың 5-ші президенті | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
17 мамыр 1995 жыл — 16 мамыр 2007 жыл | |||
Ізашары | Франсуа Миттеран | ||
Ізбасары | Николя Саркози | ||
| |||
17 мамыр 1995 жыл — 16 мамыр 2007 жыл | |||
Ізашары | Франсуа Миттеран | ||
Ізбасары | Николя Саркози | ||
| |||
20 наурыз 1977 жыл — 16 мамыр 1995 жыл | |||
Ізашары | лауазым қалпына келтірілді; Жюль Ферри | ||
Ізбасары | Жан Тибери | ||
| |||
20 наурыз 1986 жыл — 10 мамыр 1988 жыл | |||
Президент | Франсуа Миттеран | ||
Ізашары | Лоран Фабиус | ||
Ізбасары | Мишель Рокар | ||
| |||
27 мамыр 1974 жыл — 26 тамыз 1976 жыл | |||
Президент | Валери Жискар д'Эстен | ||
Ізашары | Пьер Мессмер | ||
Ізбасары | Раймон Барр | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 29 қараша 1932 Париж, Франция | ||
Қайтыс болуы | 26 қыркүйек 2019 ж Париж, Франция | ||
Әкесі | Абель Франсуа Ширак | ||
Анасы | Мари-Луиза Валетт | ||
Жұбайы | (1956 жылдан) Бернадетт Ширак (1933) | ||
Қолтаңбасы | |||
Жак Ширак Ортаққорда | |||
өңдеу |
Білімі және жұмыс мансаптың бастамасы Өңдеу
Карно және Людовик атақты лицейлерінде оқып, үш ай тасымалдау кемесінде жұмыс істеген, француз әскерінде қызмет еткен, 1956-1957 жылдарда Алжир соғысына қатысып, жарақатталған. Жоғары білімді, француздың беделді университеттерінде білім алған (1957). Оқуды аяқтаған соң мемлекет қызмет мансабын бастап (1959), одан кейін қоғамдық қызметпен айналаса бастады. Жас кезде коммунист болатын.
Оңшылдардың лидері, премьер және мэр Өңдеу
Ширак белсеңділік танытып, голлисттік партияларының біреуінің лидеріне айналды. Шарль де Голль және Жорж Помпиду сайлау науқаларында үлкен көмек көрсетті. Соңғысы Ширакқа «Бульдозер» лақабын тиімділігі мен адуынды мінезі үшін берген.
2 рет премьер-министр болған: 1974-1976 жж. және 1986-1988 жж. 1977 жылдан 1995 жылға дейін - Париж мэрі. Мэр болғанда айла-амал жасап (өз партиясына ақша жіберген) – сол үшін 11.12.2011 2 жылға шартпен сотталды.