Ержан Хозеұлы Қазыханов (21 тамыз 1964, Алматы) — мемлекеттік қызметкер, тарихшы-шығыстанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесі.
Ержан Хозеұлы Қазыханов | ||
| ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
11 сәуір 2011 — 24 қыркүйек 2012 | ||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | |
Ізашары | Қанат Саудабаев | |
Ізбасары | Ерлан Ыдырысов | |
| ||
17 қыркүйек 2014 — 15 ақпан 2017 | ||
Ізашары | Қайрат Әбусейітов | |
Ізбасары | Ерлан Ыдырысов | |
| ||
15 ақпан 2017 — 6 сәуір 2021 жыл | ||
Ізашары | Қайрат Ермекұлы Омаров | |
Өмірбаяны | ||
Партиясы | «Нұр Отан» | |
Дүниеге келуі | 21 тамыз 1964 (59 жас) Алматы | |
Марапаттары | ||
өңдеу |
Өмірбаян Өңдеу
Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетін бітірген (1987). Мамандығы: Тарихшы-шығыстанушы. КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы. Үндістан халықаралық қатынастар институты.
- 1987 - 1989 жылдары Кеңес Әскери Армиясында қызметінде болды.
- 1989 - 1992 жылдары. ҚазКСР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы.
- 1992 - 1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары,
- 1995 - 2000 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
- 2000 - 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры.
- 2003 - 2007 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
- 2007 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
- 2008 жылы ақпаннан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
- 2009 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.
- 2011 жылы ақпан – сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
- 2011 жылы сәуір айының 11-ші жұлдызы - 2014 жылғы 17 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі.
- 2014 жылы 17 қыркүйек - 2017 жылы ақпан аралығында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
- 2017 жылы ақпан айындан бастап осы күнге дейін Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарында Төтенше және Өкілетті Елші қызметін атқарады.
Марапаттары Өңдеу
- «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005)
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005)
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006)
- «Астананың 10 жылдыгы» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Отбасы Өңдеу
- Зайыбы: Қазыханова Данара Михайловна
- Балдары: қызы - Айгерім, ұлы - Тайыр