Вотум - [латынша - тілек, серт, уәде, ант] - дауыс беру арқылы білдірілген шешім. Парламенттің дауыс беру арқылы үкіметтің жалпы саясатын немесе жеке министрдің әрекетін қуаттауы (сенім білдіру вотумы) не қуаттамауы (сенім білдірмеу вотумы). Үкімет парламенттен өзінің бағдарламалары мен декларациясына және кейбір нақты заң жобаларын талқылауға байланысты сенім білдіру вотумын сұрай алады. Әдетте сенім білдіру вотумы үкіметтің беделін арттырып, саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Вотум :
- мұның негізгі жүзеге асырылу принципі үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі;
- парламент жиналысында дауысқа қойылып, қабыл алынған тоқтам шешім, қарар;
- үкіметің немесе министрдің қызметін қабылдау;
- парламенттегі дауысқа салу бойынша үкіметтің немесе министрдің ісін қабылдамау.
Парламент шешіміне орай, егер үкімет жақсы нәтижеге жетпесе, олар отставкаға кетуі тиіс. Сенім вотумы - қайта құрылған үкімет өз бағдарламасын парламент алдында жария етіп, сенімін алу, бұл көптеген елдердің комисиясы бойынша қаралады.
Дереккөздер Өңдеу
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|