Басқа мағыналар үшін Қойбағар деген бетті қараңыз.
Қойбағар (қыстау) - Шығанақ көлінің оңтүстік-шығысында жатқан қыстау.
Географиялық орны Өңдеу
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Балтасап ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде. Қарасу өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Жер бедері мен өсімдігі Өңдеу
Теңіз деңгейінен 100 м биіктікте жатқан қыстаудың жер бедері тегіс жазық келген. Құрғақ даланың қызғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, төскейшөп, сарсазан, қау, т.б. сораң шөптесіндер және өзен аңғарында шалғынды өсімдіктер өседі.
Дереккөздер Өңдеу
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5