Чиатура марганец кені - Грузияның Чиатура қаласы маңындағы марганецтің шөгінді кені.
Төменнен жоғары қарай кеннің геологиялық қимасын юралық тау жыныстары, жоғарыда бордың әктастары, олигоценнің спонголитті, құмды, құмды-сазды шөгінділері, миоцен трансгрессиясының тау жыныстары құрайды. Марганецті горизонт олигоценнің құмды, құмды-сазды шөгінділерінің табанында орналасқан. Кентасты қабаттың қалындығы 2-5 м. Мұнда қалындығы 10-80 см келген сеппелі, олиттік кентастардың 3-15 қабатшасы бар. Солтүстік-шығыс, шығыс бағыттарда кентасты горизонттардағы марганец мөлшері азаяды, біртіндеп карбонатты кентастарға ауысады. Кентас құрамы кеннің оңтүстік-батысында циролюзит-псиломеланды, орталығында магнитті. Оолиттік кентастарда 10-35% Mn, 1-1.5% Fe бар. Жуу, тұндыру арқылы байытылған концентратта 45-50% Mn, 0,15% Р болады. Родонит, манганокальцит құрамды кентастардағы Mn өлшемі10-22%. Магнитті, карбонатты кентастар есесінен тотыққан кендер түзіледі.
Чиатура марганец кенінің кентастары Дзируль гранит интрузиясы мен мезозойдың жанартаутекті тау жыныстарының үгілу қыртысынан әкелінген марганец қосылыстарының теңіз түбінде тұнып ұюынан, кейін диагенез процесіне шалынуынан қалыптасқан.
Дереккөздер өңдеу
- Manganese Mines and Deposits of Georgia. IFSD Europe. Тексерілді, 18 сәуір 2013.
- USGS Minerals Yearbook / The mineral industry of Georgia — National Research Council (U.S.), 2007. — P. 334.
- Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007