Саяси плюрализм - (лат. pluralis - көпшілік) - билікке қатысты қатынастар жүйесіндегі өзара байланысты элементтердің сан алуандылығы. Саяси плюрализмнің тарихи келесі түрлері қалыптасқан: Пікірсайыс, билеуші және оппозициядағы партиялардың өкімет билігін іске асыруға қатысуға жағдай жасайтын, демократиялық қоғамда қолданылатын ұғым. Әртұрлі, жан-жақты көзқарастар дегенді білдіреді.
"Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңы - 2002 жылғы 15 шілдеде № 344-ӀӀ Қаулысымен қабылданған. Азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады. Осы Заңға сәйкес: Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актерлерінен тұрады. Саяси партиялар заң алдында бірдей. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бірлесу бостандығына құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматы тек бір саяси партияға мүше бола алады. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз бола алмайды. Әркім өзінің қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Дереккөздер Өңдеу
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|