2024 жылғы 15–17 наурызда Ресейде президенттік сайлау орын алады. Бұл елде өткен сегізінші сайлау болады. Жалпы дауыс санының жартысынан көбін еш үміткер жинай алмаса, үш аптадан кейін, 7 сәуір күні сайлаудың екінші айналымы өткізіледі. Жеңімпаз инаугурациясы 7 мамыр күні жоспарланған. Орталық сайлау комиссиясына үміткер боламын деген мақсатпен құжаттарын тапсырып қойғандар саны 15 адам болды (алтауы тәуелсіз үміткер болса, тоғызы өз партияларының өкілдері болды).
2024 жылғы Ресейдің президенттік сайлауы | |
15–17 наурыз 2024 жыл | |
Сайлау түрі | Президенттік сайлау |
---|---|
Владимир Путин – Партиясыз | |
Николай Харитонов – Коммунистік | |
Леонид Слуцкий – РЛДП | |
Владислав Даванков – Жаңа адамдар | |
Ресей президенті | |
Босатушы | |
Владимир Путин Партиясыз | |
өңдеу |
2023 жылғы қарашада соғысқа қарсы пікірлері үшін белгілі Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Борис Надеждин тіркелген саяси партиядан қолдау көріп, осы сайлаудағы өз үміткерлігін жариялаған тұңғыш адам болды. Одан кейін қатысатынын белгілі қылған адам президент Владимир Путин болды. Ол 2020 жылы Конституцияға жасалған түзетулердің көмегімен қайта сайлануын заңды қылған еді. Путиннен кейін РЛДП басшысы Леонид Слуцкий, Коммунистер өкілі Николай Харитонов, Жаңа адамдар мүшесі Владислав Даванков пен басқалар өз үміткерлігін жариялады.
2018 жылғы президенттік сайлауда болғандай, ресейлік оппозицияның ең көрнекті мүшесі Алексей Навальныйға «қылмыстық істері» себебінен сайлауға қатысуға тыйым салынған және ол сайлау бойы түрмеде қала береді деген болжам көп. Навальныйға қарсы қозғалған қылмыстық істерді көпшілік саяси астары бар деп көрді және соның салдарынан көптеген бақылаушылар, әсіресе Батыс елдеріндегі сарапшылар сайлау әділ өтпейді деп санайды. Олар сайлау процесінде 2022 жылы Украинамен кең ауқымды соғысты бастағаннан бері саяси қуғын-сүргіндерді күшейтті деп айыпталған президент Путиннің үстемдік етуін болжайды.
Сайлау жүйесі өңдеу
Үміткерлерге қойылған талаптар өңдеу
Ресей Конституциясының 81-бабының 3-тармағы бойынша Ресей президенті қатарынан екі мәрте қайта сайлана алмайды. 2020 жылғы түзетулерден кейін Путинның бұрынғы екі мерзімі саналмай қалды да, оған тағы екі рет қайта сайлануға рұқсат берілді.
Жаңа конституцияға сүйенсек, президентікке үміткерге қойылған шектеулер:
- 35 жастан үлкен болғаны жөн;
- 25 жыл бойы Ресей тұрғыны болғаны қажет;
- сайлау кезінде де, оған дейінгі кез келген уақытта да шетел азаматтығы, не шет елде тұруға ықтиярхаттың болмауы жөн.
Үміткерлері өңдеу
Тіркелген үміткерлер өңдеу
2024 жылғы 22 қаңтардағы жағдай бойынша сайлауға тіркелген 3 үміткер бар.
Аты-жөні, жасы, саяси партиясы | Лауазымы | Туған өлкесі | Сайлауалды бағдарламасы | Қосымша ақпарат | Тіркелген күні | |
---|---|---|---|---|---|---|
Владислав Даванков (39) Жаңа адамдар | Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары (2021–) Мемлекеттік дума депутаты (2021–) | Мәскеу | (Ресми сайты) | Партия конгресі Даванковты 2023 жылғы желтоқсанда ұсынды. Оған қоса оны Өсім партиясы қолдады. Даванков өз құжатын 2023 жылғы 25 желтоқсанда және 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырған еді. | 5 қаңтар 2024 | |
Леонид Слуцкий (56) Либералды-демократиялық партия | Ресейдің Либералды-Демократиялық партиясының басшысы (2022–) Мемлекеттік дума депутаты (1999–) | Мәскеу | (Ресми сайты) | РЛДП Слуцкийді 2023 жылғы желтоқсанда партияның съезінде ұсынды. Ол өз құжаттарын 2023 жылғы 25 желтоқсанда және 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырды. | 5 қаңтар 2024 | |
Николай Харитонов (75) Коммунистік партия | Мемлекеттік дума депутаты (1993–) | Краснодар өлкесі | (Ресми сайты) | Харитоновты партиясы 2023 жылғы желтоқсанда съез барысында ұсынды.Ол бұрын 2004 жылғы сайлаудағы үміткерлердің бірі болған еді және жалпы дауыстың 13.7% жинаған. Харитонов өз құжаттарын 2023 жылғы 27 желтоқсанда және 2024 жылғы 3 қаңтарда тапсырған. | 9 қаңтар 2024 |
Мүмкін үміткерлер өңдеу
Аты-жөні, жасы, саяси партиясы | Лауазымы | Туған өлкесі | Сайлауалды бағдарламасы | Қосымша ақпарат | Дереккөздер | Жинаған қолтаңба саны |
---|---|---|---|---|---|---|
Сергей Бабурин (64) Ресейлік бүкілхалықтық одақ | Ресей халық депутаты (1990–1993) Мемлекеттік дума депутаты (1994–2000, 2003–2007) Ресейлік бүкілхалықтық одақтың басшысы (2011–) | Мәскеу | — | Бабуринды партиясы 2023 жылғы желтоқсанда съезі барысында ұсынды. Бабурин 2018 жылы президентікке үміткер болған және соңғы орынға жайғасқан еді. Ол өз құжаттарын 26 желтоқсанда тапсырды да, олар 29 желтоқсанда тіркелген еді. | Жинаған қолтаңбасы 105000 / 105000 Қабылданған қолтаңбасы 0 / 105000 | |
Анатолий Баташев (64) Тәуелсіз | Баспа және бұқаралық коммуникация федералдық агенттігінің баспасөз хатшысы (2004–2005) Балашиха, Мәскеу облысы мэрінің кеңесшісі (2015–2016) Журналист, блоггер, эколог | Мәскеу облысы | — | Баташев өз құжаттарын 27 желтоқсанда тапсырды, олар 29 желтоқсанда тіркелген еді. | Жинаған қолтаңбасы 0 / 315000 Қабылданған қолтаңбасы 0 / 315000 | |
Андрей Богданов (53) Ресейлік бостандық және әділет партиясы | Ресей Ұлы ложасының ұлы мастері (2007–) Демократиялық партияның басшысы (2005-2014) Әлеуметтік әділет Коммунистік партиясы (2014-2017) | Мәскеу облысы | — | Богдановты партиясы 2023 жылғы желтоқсанда съез барысында ұсынды. 26 желтоқсанда ол өз құжатын тапсырды да, олар 28 желтоқсанда тіркелген еді. Богданов 2008 жылғы сайлауға қатысқан және жалпы дауыс санының 1.31% жинаған. | Жинаған қолтаңбасы 90000 / 105000 Қабылданған қолтаңбасы 0 / 105000 | |
Сергей Малинкович (48) Ресей коммунистері | Алтай өлкелік заң шығарушы жиналысының төрағасы (2021–) Ресей коммунистері Орталық комитетінің төрағасы (2022–) | Алтай өлкесі | — | 2023 жылғы 28 желтоқсанда Малинковичты партиясы үміткер ретінде ұсынды. Ол өз құжаттарын 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырды. | Жинаған қолтаңбасы 80000 / 105000 Қабылданған қолтаңбасы 0 / 105000 | |
Борис Надеждин (60) Азаматтық бастамалар | Долгопрудный қалалық кеңесінің мүшесі (1990–1997, 2019–) Аймақтық жобалар және Заң шығару негізі институтының негіздеушісі және президенті (2001–) Мемлекеттік дума депутаты (1999–2003) | Мәскеу облысы | (Ресми сайты) | 2023 жылғы 31 қазанда Надеждин Азаматтық бастамалар партиясының атынан президентікке үміткер болатынын мәлімдеді. 26 желтоқсанда ол өз құжаттарын тапсырды да, олар 28 желтоқсанда тіркелген еді. | Жинаған қолтаңбасы 105000 / 105000 Қабылданған қолтаңбасы 0 / 105000 | |
Владимир Путин (71) Партиясыз | Қазіргі Ресей президенті (2000–2008 және 2012–) Ресей премьер-министрі (1999–2000 және 2008–2012) Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры (1998–1999) | Мәскеу | (Ресми сайты) | 2023 жылғы желтоқсанда болған сарбаздарды марапаттау рәсімі барысында Путин өзінің сайлауға қатысатынын айтты. Оның үміткерлігін Біртұтас Ресей, Әділ Ресей — Ақиқат үшін және тағы басқалар қолдады. Путин өз құжаттарын 2023 жылғы 18 желтоқсанда тапсырды, олар 20 желтоқсанда тіркелген еді. | Жинаған қолтаңбасы 315000 / 315000 Signatures accepted 0 / 315000 | |
Рада Лизмовна Русских (39) Партиясыз | Блоггер | Свердловск облысы | — | 2023 жылғы желтоқсанда Русских есімді бьюти-блоггер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы көмегімен сайлауға қатысатынын мәлімдеді. 17 желтоқсанда Русских қажетті 500 қолтаңбадан 499 жинады және кездесуде үміткерлігінің өте байыпты екенін айтып кетті. Екінші кездесу кезінде ол 529 қолтаңба жинады. Русских өз құжаттарын 27 желтоқсанда тапсырды да, олар 29 желтоқсанда тіркелген еді. | Жинаған қолтаңбасы 0 / 315000 Қабылданған қолтаңбасы 0 / 315000 | |
Ирина Свиридова (35) Демократиялық партия | Экономист | Тамбов облысы | — | Свиридованы партиясы 2023 жылғы желтоқсанда съез барысында ұсынды. Ол өз құжаттарын 28 желтоқсанда тапсырды, олар 29 желтоқсанда тіркелген еді. | Жинаған қолтаңбасы 0 / 105000 Қабылданған қолтаңбасы 0 / 105000 |
Дереккөздер өңдеу
- Выборы 2024 года, которые могут изменить мировую политику (орыс.). РБК (10 января 2024). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Статья 77. Повторное голосование на выборах Президента Российской Федерации (орыс.). Ресей Конституциясы. Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Статья 82. Вступление в должность Президента Российской Федерации (орыс.). Ресей Конституциясы. Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Документы в ЦИК представили шесть самовыдвиженцев и девять кандидатов от партий (орыс.). Первый канал (28 декабря 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Экс-депутат Госдумы с антивоенными взглядами планирует стать кандидатом в президенты России (орыс.). RTVI ВКонтакте (11 октября 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Выборы не за горами (орыс.). Коммерсантъ (13 января 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Песков: в Кремле пока не готовятся к выборам президента (орыс.). Коммерсантъ (23 января 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Путин 2024 жылғы президент сайлауына қатысатынын айтты (қаз.). SPUTNIK Қазақстан (8 желтоқсан 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Трояновский, Антон Russian Activist Navalny Sentenced to More Than 2 Years in Prison (ағыл.). The New York Times (2 February 2021). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Gershikovich, Evan What Appeared to Be a United Opposition During Moscow’s Vote Protests Is Fraying — Again (ағыл.). The Moscow Times (27 August 2019). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Russian authorities raid opposition leader Navalny’s offices (ағыл.). AP News (28 April 2021). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Kremlin foe Navalny can run for president 'after 2028' (ағыл.). France 24 (17 October 2017). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Bennetts, Marc Russia rejects concerns over banning of Alexei Navalny from elections (ағыл.). The Guardian (26 December 2017). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
- Kapoor, Nivedita Putin 2024: Political institutions and democracy in Russia (ағыл.). ORF (14 July 2020). Тексерілді, 25 қаңтар 2023.
- Что известно о Владиславе Даванкове. TACC. Тексерілді, 24 желтоқсан 2023.
- Колесник, Вероника Даванков подал документы в ЦИК для участия в выборах президента от "Новых людей" (орыс.). Известия (25 декабря 2023). Тексерілді, 25 желтоқсан 2023.
- Майер, Анастасия және Снегова, Дарья ЛДПР выдвинула Слуцкого кандидатом в президенты России (орыс.). Ведомости (19 декабря 2023). Тексерілді, 25 желтоқсан 2023.
- Слуцкий подал документы в ЦИК для участия в выборах президента. TACC. Тексерілді, 25 желтоқсан 2023.
- Партия РОС определилась с кандидатом на выборах президента РФ - Газета.Ru | Новости.
- Бабурин подал документы в ЦИК на выдвижение кандидатом в президенты (орыс.). РИА Новости (26 декабря 2023). Тексерілді, 27 желтоқсан 2023.
- Три кандидата собрали подписи для участия в президентских выборах (орыс.). Ведомости. Тексерілді, 24 қаңтар 2024.
- Агентство. Новости. Telegram. Тексерілді, 23 қаңтар 2024.
- Эколог Баташев подал документы в ЦИК на выдвижение кандидатом в президенты (орыс.). РИА Новости (27 декабря 2023). Тексерілді, 28 желтоқсан 2023.
- Анасьева, Ольга Политика Богданова выдвинули кандидатом на выборах президента от РПСС (орыс.) (24 декабря 2023). Тексерілді, 25 желтоқсан 2023.
- Богданов подал документы в ЦИК для участия в президентских выборах (орыс.) (26 декабря 2023). Тексерілді, 27 желтоқсан 2023.
- Три кандидата собрали подписи для участия в президентских выборах (орыс.). Ведомости. Тексерілді, 24 қаңтар 2024.
- Bogdanov. Telegram. Тексерілді, 23 қаңтар 2024.
- Лидер партии "Коммунисты России", депутат Алтайского краевого законодательного собрания Сергей Малинкович подал... (орыс.). Лента новостей Житомира (1 января 2024). Тексерілді, 1 қаңтар 2024.
- Три кандидата собрали подписи для участия в президентских выборах (орыс.), Ведомости. Тексерілді 24 қаңтардың 2024.
- В РФ появился первый кандидат на пост президента (орыс.). ura.news (31 октября 2023). Тексерілді, 31 қазан 2023.
- Надеждин подал документы в ЦИК для участия в выборах президента (орыс.). РИА Новости (26 декабря 2023). Тексерілді, 26 желтоқсан 2023.
- Надеждин 2024. nadezhdin2024.ru. Тексерілді, 15 қаңтар 2024.
- ЦИК зарегистрировал группу избирателей в поддержку Путина (орыс.). РИА Новости (20 декабря 2023). Тексерілді, 22 желтоқсан 2023.
- Путин подал документы для участия в выборах президента (орыс.). Коммерсантъ (18 декабря 2023). Тексерілді, 18 желтоқсан 2023.
- Штаб Путина собрал более 2,5 млн подписей в поддержку его выдвижения (орыс.). Коммерсантъ (17 января 2024). Тексерілді, 17 қаңтар 2024.
- Блогерша из Екатеринбурга устроила шоу из своей "президентской" кампании (орыс.). ura.news (17 декабря 2023). Тексерілді, 26 желтоқсан 2023.
- Рада Русских рискует не попасть на выборы президента России из-за нехватки голосов (орыс.). momenty.org. Тексерілді, 26 желтоқсан 2023.
- Блогер из Екатеринбурга набрала голоса для выдвижения в президенты РФ (орыс.). ura.news (27 декабря 2023). Тексерілді, 27 желтоқсан 2023.
- A blogger from Yekaterinburg is running for President of the Russian Federation (ағыл.). URA RU (12 December 2023). Тексерілді, 13 желтоқсан 2023.
- Экономист из Тамбова решила баллотироваться в президенты России (орыс.). Инфо24.ru. Тексерілді, 26 желтоқсан 2023.
- Свиридова официально зарегистрирована кандидатом в президенты после подачи документов в ЦИК (орыс.). newsland.com. Тексерілді, 28 желтоқсан 2023.