Джузеппе Торнаторе (итал. Giuseppe Tornatore; 27 мамыр, 1956, Багерия, Сицилия, Италия) — итальяндық кинорежиссёр, сценарийші, монтажер және кинопродюсер. Ол итальяндық киноға сыншылардың жоғары бағасын қайтарған режиссерлердің бірі болып саналады. Торнаторе танымал композитор Эннио Морриконемен бірге ұзақ уақыт жұмыс істегенімен белгілі, ол 1988 жылдан бастап Торнаторенің он үш көркем фильміне музыка жазды.
Фильмография өңдеу
Жыл | Қазақша аты | Түпкі аты |
---|---|---|
1986 | Каморрист | Il Camorrista |
1989 | Жаңа «Парадизо» кинотеатры | Nuovo Cinema Paradiso |
1990 | Олармен бәрі жақсы | Stanno tutti bene |
1994 | Таза формальдылық | Una pura formalita |
1995 | Жұлдыздар адамы | L’uomo delle stelle |
1998 | Пианист туралы аңыз | La leggenda del pianista sull’oceano |
2000 | Малена | Malèna |
2006 | Белгісіз | La Sconosciuta |
2009 | Баария - желдің қақпасы | Baaria — La porta del vento |
2013 | Үздік ұсыныс | The Best Offer |
2016 | Хат алмасу | La Corrispondenza |
Дереккөздер өңдеу
- Katz, Ephraim, "Italy," The Film Encyclopedia (New York: HarperResource, 2001), pp. 682-685.