Дамба ауылдық округі — Атырау қалалық әкімдігі аумағындағы бірлік.
Қазақстан ауылдық округі | |
Дамба ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді | 2 ауыл |
Тұрғыны (2009) | 3043 |
Әкімі | Ұзақбай Шораұлы Байзуллин |
Округ әкімдігінің мекенжайы | Дамба ауылы, Арыстанов көшесі №35 |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Автомобиль коды | 06 |
Әкімшілік құрамы Өңдеу
Құрамына Дамба, Амангелді ауылдары кіреді. Орталығы – Дамба ауылы.
Тарихы Өңдеу
Дамбы селолық советі (Дамба ауылдық округі) 1954 жылдың желтоқсан айында құрылған. Гурьев облыстық атқару комитетінің Новобогат ауданындағы балықшы колхоздары «Дамбы» елді мекеніне көшіру туралы шешімнің негізінде 1955 жылдан бастап Новобогат ауданынан балықшы колхоздар көшіп келіп, Жайық өзені бойына орналаса бастаған. Селолық советті құрушы ұйымдастыру тобы (комиссия) құрылып, оны Батырғали Жанғалиев басқарған, кейіннен өзі осы Советтің алғашқы төрағасы болып сайланған. 1956 жылы Дамбы селолық кеңесі қарамағына «Социалистік жол», «Амангелді», «Қызыл балық», «Жамбыл» колхоздары енген.
1984 жылы Дамбы селолық советі құрамынан Атырау селолық советі бөлініп шығып оның құрамына Құрманғазы, Қызыл балық, Жаңаталап ауылдары енді.
Халқы Өңдеу
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3043 адамды құрайды.
Дереккөздер Өңдеу
- "Қазақ энциклопедиясы", X том
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том