Анд тауларындағы әуе апаты нөмірі 571 Уругвай әскери-әуе күштерінің чартерлік рейсінің әуе апаты. Бортында 5 экипаж мүшелерi және 40 жолаушы-уругвайлықтар (регби командасының мүшелерi, олардың туысқандары, экипаж, демеушiлер) болды. Апат 1972 жылдың 13 қазанында Анд тауларының үстiнде болды.
Әуе апаты өңдеу
1972 жылдың 13 қазанында уругвай ӘӘК-терiнiң FH-227 турбобұрандалы ұшағы Old Christians регбиден юниорлық командасын Уругвайдың Монтевидео қаласынан Чили астанасы Сантьяго қаласына Анд таулары арқылы жарысқа апарды.
Рейс Каррасконың әуежайынан 12 қазанда ұшып шықты, бірақ ауа райының нашар балғанынан Аргентинадағы Мендоса қаласының әуежайында бір түнге қонды. Ұшақ ауа райы артынан Сантьягоға тiкелей ұшып шыға алмады, сондықтан ұшқыштарға Мендоса тауларының оңтүстiгіне параллель ұшып, содан соң батыста бұрып, кейiн солтүстiкке шығып және Куриконы өткеннен кейiн Сантьягоға төмендету тура келдi.
Ұшқыш Куриконы өту туралы хабарлады , авиадиспетчер Сантьягоға төмендетуді рұқсат еттi. Бұл фаталды қате болды. Ұшақ циклонға ұшып кiріп, төмендетуді бастады. Циклонды өткеннен кейін, олар жартасқа тiкелей ұшып жатқаны белгілі болды, бірақ соқтығысудан кету мүмкiндiктерi болмады. Нәтижесінде ұшақтың артқы жағы шыңға ілініп, ұшақтын қанаттары мен артқы жағы жоғалады. Фюзеляж таудың баурайынан үлкен жылдамдықта төмен қарай сырғанап, мұрынымен қар үйіндісіне соғылады. Құлаған жері — Мендоса провинциясы 34°45′54″ о. е. 70°17′11″ б. б. / 34.76500° о. е. 70.28639° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 34°45′54″ о. е. 70°17′11″ б. б. / 34.76500° о. е. 70.28639° б. б. (G) (O) (Я).
Алғашқы күндері өңдеу
45 жолаушылардан 12 апат кезінде немесе содан кейін қайтыс болады; бесеуі келесi күні көз жұмады, содан соң 571-шi рейстiң жолаушысы жарақаттардан жан тапсырады. Қалған тiрi 27 адам, қатал климаттық жағыдайлардағы тiрi қалуы мәселемен қақтығысып қалды. Оларда жылы киiм және аяқ киiм де, альпинистiк құрал-сайман да, дәрi-дәрмек те болмады. Жаралы достарына көмектесу үшін, дәрiгерлiк колледждің бірінші курстың екi студенті ұшақтың сынықтарынан гамактар және дәрiгерлiк шиналары істеген.
12-ші желтоқсан өңдеу
1972 жылдың 12 желтоқсанында Паррадо, Канесса және Визинтин жорыққа шығады. Паррадо бастаманы өз жауапкершiлiгiне алды және шаршаған жора-жолдастарын артынан айдаған. Төсек қап оларға түнгі уақытта суықтан өлмеуге көмектесті.
Экспедиция, саяхатшылар жоспарлаған уақыттан қарағанда көбірек алды, сондықтан Паррадо және Канесса үшiншi күнге Византиннен еттің бір бөлігі алып, оны артқа, фюзеляжға жiбердi. Визинтин ұшақтың сынықтарынын қолдан жасаған шаналар арқылы, сәттi артқа жеттi.
Құтқару iздестiру кезiнде өңдеу
Паррадо және Канесса өз жолдарын жалғастырды. Роберто дизентериямен ауырып қалады. Бiртiндеп қарлы ландшафт жоғалды, адам тiршiлiк әрекетiнiң iздерi көріне бастады. Тоғызыешы күнге қарай олар Los Maitenes(34°48′44″ о. е. 70°35′20″ б. б. / 34.81222° о. е. 70.58889° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 34°48′44″ о. е. 70°35′20″ б. б. / 34.81222° о. е. 70.58889° б. б. (G) (O) (Я)) қалашығында чилилiк бақташы Серхио Каталандарды кездестiрдi. Бақташы № 571 рейстiң аман қалған жолаушылары туралы хабарды барлық өкiметтерге хабарлады. Саяхатшылардың екеуi құтқарылды.
Құтқару операциясы өңдеу
22 желтоқсан күні екі тікұшақ, ұшақтың апат орнына жетеді. Бірақ ауа райының нашар болғанына олар бір рейс кезінде тек қана жарты жолаушыларды алып кетеді. Келесі күні олар тағы бір рейс жасап, барлық 16 аман қалған жолаушыларды ауруханаға жеткізеді.
Жолаушылар тізімі өңдеу
Экипаж өңдеу
- Полковник Хулио Феррадас, ұшқыш
- Подполковник Данте Лагуара, екінші ұшқыш
- Лейтенант Рамон Мартинес
- Капрал Карлос Роке
- Капрал Овидио Хоакин Рамирес
Жолаушылар өңдеу
(аман қалғандар қалын шрифтпен белгіленген)
|
|
Оқиғалардың хронологиясы өңдеу
1972 жылдың қазан айы өңдеу
1972 жылдың қараша айы өңдеу
1972 жылдың желтоқсан айы өңдеу
Әйгiлi мәдениетте өңдеу
Кітаптар өңдеу
- Пирс Пол Рид — «Alive: The Story of the Andes Survivors (1974)»
- Нандо Паррадо — «Андыдағы ғажайып» (2006)
- Антон Майлд — «Мұзды тұтқында» (2007)
Фильмдер өңдеу
- Supervivientes de los Andes (1976)
- Тірілер (1993)
- Тірілер: Жиырма жылдан кейін (1993)
Сыртқы сілтемелер өңдеу
- Viven! El Accidente de Los Andes (Ресми сайт) 17 қарашаның 2006 жылы.
- Doctor Roberto Canessa, who went for help, recalls the incident on the Late Late Show in наурыз 2008
- Interviews 15 қаңтардың 2007 жылы.
- Conferences 15 қаңтардың 2007 жылы.
- PBS's Independent Lens: STRANDED: The Andes Plane Crash Survivors, by Gonzalo Arijon and Marc Silvera
- National Geographic Adventure Expedition желтоқсан, 2005 8 шілденің 2008 жылы.
- Outside The Lines: Still Alive ESPN Video
- Back to the Andes Expedition 2006 with one of the survivors - Eduardo Strauch 14 ақпанның 2012 жылы.