Astana International Exchange (AIX) — 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. AIX миссиясы – бизнес пен инвесторларға инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы Орталық Азияда және одан тыс жерлерде сенімді және өтімді капитал нарықтарын дамыту.
Astana International Exchange | |
| |
Түрі | |
---|---|
Орналасқан жері | |
Құрылған жылы | 2017 |
Иесі | АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы |
Басты адамдары | Тимоти Беннетт (Директорлар кеңесінің төрағасы) |
Валютасы | Мультивалюта |
Акция нарығын капиталандыру | $62,6 млрд (қаңтар 2024) |
Акциялар сату көлемі | $129,622,892 (2023 жыл) |
Сайты |
AIX ағылшын құқығының юрисдикциясындағы халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. Биржа 30-дан астам жергілікті және халықаралық сауда мүшесі кіретін дамыған экожүйенің арқасында инвестицияларға қолжетімді сенімді және қауіпсіз сауда инфрақұрылымын ұсынады.
AIX акционерлері – АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы.