«The Inner Light» — The Beatles тобының әні, 1968 жылы Lady Madonna әнімен бірге сингл ретінде жарияланды.
Әнді Джордж Харрисон жазған. Мұнда сарод, шехнай, бансури сияқты дәстүрлі үндістандық аспаптар ойнайды. Мәтіні — «Дао дэ цзин» атты даоистік шығармадағы бір үзіндінің еркін аудармасы.
Ән сүйемелінің негізгі бөлігі Бомбейде жазылған. Сөйтіп, «The Inner Light» топтың Еуропадан тыс студияда жазған жалғыз әні болып келеді.
Орындаушылар өңдеу
- Джордж Харрисон — вокал
- Джон Леннон мен Пол Маккартни — бэк-вокал
- Ашиш Хан — сарод
- Хануман Джадев — шехнай
- Харипрасад Чаурасия — бансури
- Махапуруш Мисра — пахавай
- Риджрам Десад — фисгармония
Дереккөздер өңдеу
- Lavezzoli, Peter (2006). The Dawn of Indian Music in the West. New York, NY: Continuum. ISBN 0-8264-2819-3.
Сілтемелер өңдеу
- The Inner Light YouTube сайтында