Nokia N9 — Nokia компаниясының N cериялары (ағылш. Nseries) қатарына жататын смартфоны. «MeeGo» операциялық жүйесі негізінде жасап шығарылады.
Nokia N9 смартфоны 3,9 дюймдік «AMOLED» сенсорлік дисплейімен қамтамасыз етілген. Дисплейінің рұқсат етілген көлемі (ағылш. Display resolution) 854х480 пиксель. 8-мегапиксель болатын камерасы — автофокуспен, Carl Zeiss оптикасымен және екі реттік сәулелі-диодтық жарқылымен (вспышка) қамтылған. Бұл смартфон жиілігі 1 ГГц болатын «ARM Cortex-A8» процессорына және «Texas Instruments» өндірісінің «PowerVR SGX530» графигіне ие.
Өзінің орнатылған жадысының (ағылш. memory) көлемі 16 немесе 64 Гбайт болады, ал оперативтік жадысы - 1 Гбайт.
Қазақстанда бұл смартфон 2011 жылдың 9 қаңтарында сатылымға шықты және алғашқы бағасы 679 доллар көлемінде болды.