Қызыладыр – Қызыларай таулары мен Балқаш көлі аралығындағы тау.
Қызыладыр тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 8 км |
Ені | 3 км |
Биіктігі | 735 м |
Орналасуы | |
47°39′26″ с. е. 75°07′13″ ш. б. / 47.65722° с. е. 75.12028° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°39′26″ с. е. 75°07′13″ ш. б. / 47.65722° с. е. 75.12028° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны өңдеу
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет ауылының батысында 45 км жерде орналасқан.
Жер бедері өңдеу
Абсолюттік биіктігі 735 м. Салыстырмалы биіктігі 85 м. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес 8 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейі көлбеу, сай-жыралармен тілімденген. Етегінде қорымтас үйінділерінің мол қоры шоғырланған. Солтүстігінде Қаракенелі, батысында Малдыбай таулары орналасқан.
Өсімдігі өңдеу
Таудың қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында бетеге. селеу, боз, жусан, баялыш, көкпек, аңғарында терек өседі.
Дереккөздер өңдеу
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5