Төкен Жұмабайұлы Мұртазин (1924, Семей облысы (Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жаңа Семей ауданының Балтарақ ауылында туған) — Мәскеу қаласындағы Ленин комсомолы Орталық комитетінің 6 айлық курсын бітірген. 1942 жылы Семейде Кеңес Одағының маршалы Б.М.Шапошников атындағы Тамбов Қызыл Тулы жаяу әскер училищесінде оқиды. Еңбек жолын 1940 жылы Алматы қаласындағы Ф Джержинский атындағы орыс драмалық театрында музыкант болып бастаған. 1943 жылы 27 ақпаннан 1944 жылдың 23 ақпанына дейін Батыс Беларус майданында 108 атқыштар дивизиясында, 407 (атқыштар полкінде) командир болды. Жарақатпен елге оралып, 1944 жылдан Семейде үгітші қызметін атқарған. Жаңа Семей аудандық комсомол комитетінің, Семей облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды (1944). Обкомның бұйрығымен Жоғарғы Ертіс кеме шаруашылығында насихат бөлімінің аға инструкторы қызмет атқарды (1951). (Семей қаласында) жергілікті қаржыны басқарудың директоры болып қызмет атқарды (1952). Cемей қаласында Жаңа Семей аудандық кәсіподақ төрағалығына сайланды (1955). Амангелді және Калинин атындағы Ново-Пакровка аудандарында колхоз төрағасы (1958-1964).Семей облысы (Бесқарағай ауданында) Семияр ауылында партия комитетінің хатшысы (1964-1965). Чекоман, Мұздыбай, Жаңа Семей аудандарында директор, партия ұйымының хатшысы (1965-1987). Еңбек және соғыс ардагерлерінің облыстық кеңесінің төрағасының орынбасары (1987-2001). Ұлы Отан кезіндегі 1 дәрежелі Отан соғысы ордені, "Қызыл Жұлдыз", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін" көптеген КСРО-ның (медальдарымен) марапатталады.
Төкен Жұмабайұлы Мұртазин | |
Туған жері |
|
---|---|
Қызметі | Еңбек және соғыс ардагерлерінің облыстық кеңесінің төрағасының орынбасары |
Әкесі | Жұмабай |
Анасы | Қалыш Көкбай Жанатайұлының қызы. |
Руы — Уақ.
(Абай Құнанбаевтың) белгілі досы, шәкірті (Көкбай Жанатайұлының) жиені. Шешесі-Қалыш Көкбай Жанатайұлының қызы.
Дереккөздер
- Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — .
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Қазақ жерінің зиялы азаматтары Ж.А. Уралбаев. - Алматы : Дәуір, 2007.Ғұмырнамалық жинақтар сериясы.- ISBN 9965-517-07-Х
- Бауыржан Ердембеков. Абай мен Көкбай 14 шілденің 2014 жылы.
- Жанатайұлы Көкбай 7 наурыздың 2016 жылы.
- Төкен Мұртазинге ескерткіш тақта орнатылды(қолжетпейтін сілтеме)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер