Тұйық — Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл (1965 жылдан 2013 жылға дейін кент болған), Тұйық ауылдық округі орталығы.
Тұйық | |
---|---|
Әкімшілігі | |
Ел | Қазақстан |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | Алматы |
Ауданы | Кеген |
Ауылдық округі | Тұйық |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 43°06′02″ с. е. 79°23′49″ ш. б. / 43.10056° с. е. 79.39694° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°06′02″ с. е. 79°23′49″ ш. б. / 43.10056° с. е. 79.39694° ш. б. (G) (O) (Я) |
Ауыл статусы | 2013 |
Уақыт белдеуі | UTC+6:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 1296 адам (2009) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 05 |
Географиялық орны Өңдеу
Аудан орталығы – Кеген ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде, Темірлік өзенінің сол жағасында, Қурайлы тауының солтүстік баурайында орналасқан.
Халқы Өңдеу
1999 жылы тұрғындар саны 1425 адам (775 ер адам және 650 әйел адам) болса, 2009 жылы 1296 адамды (637 ер адам және 659 әйел адам) құрады.
Тарихы Өңдеу
Ертеде “Қотантас”, 19 ғасырдың орта шенінде Тұйық аталған. 1932 жылы Көктас, Есенгелді, Тұйық ауылдары “Бірлік” ұжымшарына бірікті. 1952 жылдан қой өсіретін кеңшардың бөлімшесі болды. 1955 жылы Тұйық қорғасын-барит кен орны ашылып, ол Текелі қорғасын-мырыш комбинатына шикізат беріп тұрды. 2002 жылы Текелі кен байыту комбинатына беретін кен қоры мөлшерінің тым азаюына байланысты кеніш жұмысын тоқтатқан. Тұйықта Кеген орман шаруашылығы, Қарасай ағаш дайындау, өңдеу цехтары, т.б. кәсіпорындар бар. Олардың басым көпшілігі 1997 жылдан кейін жекешелендірілді. Тұйықтың маңы қайнар бұлақты, орманды, үңгірлі келеді.
Дереккөздер Өңдеу
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6