Портал (лат. porta — қақпа) — ғимараттың алдыңғы бетіне салтанатты сипат беру үшін қолданылатын архитектуралық элементтің бір түрі. Негізінен қоғамдық ғимараттарда жиі пайдаланылады. Портал көбіне шаршы үлгіде тұрғызылып, фриз, нақышты ою-өрнектермен безендіріледі. Роман, готика, сондай-ақ ежелгі орыс сәулет өнері үлгісімен тұрғызылған ғимараттарда перспективалық портал қолданылады. Таяу және Орта Шығыс елдерінде порталдың шаршыланып келген, бедерлі қуыстары бар өзіндік түрі қалыптасқан.
Дереккөздер Өңдеу
- Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
- Қазақ Энциклопедиясы
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8