Нор — Па-де-Кале (фр. Nord-Pas-de-Calais) — Францияның солтүстігіндегі бұрынғы аймақ. Халқы — 4 042 015 адам (өңірлер арасында 4 орын). Басты қаласы — Лилль. Басқа ірі қалалар: Дуе, Валенсьенн, Дюнкерк, Бетюн, Кале, Аррас, Вильнев-д'Аск.
Нор — Па-де-Кале |
---|
фр. Nord-Pas-de-Calais | |
---|---|
(Аймақ туы) | (Аймақ елтаңбасы) |
Орналасуы | |
| |
Статусы | бұрынғы аймақ |
Астанасы | Лилль |
Кеңес президенті | Даниель Першерон (2010—2014; СП) |
Префект | Жан-Мишель Берар |
Департаменттер | 2 департамент |
Округтер | 13 округ |
Кантондар | 156 кантон |
Коммунналар | 1546 коммунна |
Халқы | (4 орын) |
* 01.01.2011 (бағалаулар бойынша) | 4 042 015 |
* 08.03.2011 (санақ бойынша) | |
* Тығыздығы (2) | 325,60/км² |
Жер аумағы1 | 12 414 км² |
Жер аумағы бойынша орны | 18 |
Уақыт белдеуі | +1 |
ISO | FR-O |
Сайты | nordpasdecalais.fr |
1 Өзен, су, көлдерді және ауданы 1 км² астам мұздықтарды, сондай-ақ өзендердің эстуарийлерін санамағандаға жер реестрі бойынша. | |
Осы аймақта, Кале қаласында Ұлыбританияны Франциямен байланыстыратын еуротуннель салынды.
2016 жылдан бастап аймақ Пикардиямен біріктіріліп Нор — Па-де-Кале — Пикардия атанды (2016 жылдың 30 қыркүйегінен бастап — О-де-Франс, «Францияның үсті»).
Атауы Өңдеу
Нор — Па-де-Кале атауы аймақтың екі негізгі департаментінің атауларынан: «Nord» ( (фран.) — «солтүстік», өйткені бұл департамент Францияның ең солтүстік бөлігі болып табылады) және «Pas-de-Calais» (Па-де-Кале). Нор — Па-де-Кале кейде «Жоғарғы Франция» (Hauts-de-France) немесе «Солтүстік Пикардия» (Picardie-du-Nord) деп те аталды.
География Өңдеу
Аймақ құрамына Нор және Па-де-Кале департаменттері кірді. Бұрынғы департамент аумағынан Аа, Шелда (Эско), Самбра және Лис өзендері ағып өтеді.
Халық Өңдеу
Экономикалық белсенді халық: 1,320 млн адам.
Жұмыспен қамту:
- ауыл шаруашылығында 4,8%;
- өнеркәсіпте 36,4%;
- қызмет көрсету саласында 58,8%.