Астероидтардың негізгі белдеуі — Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы астероидтар айналып жүретін аймақ. Күн жүйесіндегі астероидтар шоғырланған басқа аймақтардан (мысалы, Жерге жақындайтындардан) ажырату үшін оны негізгі белдеу деп атайтын болған.
Негізгі белдеуге кіретін астероидтардың жалпы массасы Ай массасының 3%-на ғана тең. Сол жалпы массаның 60%-ы төрт астероидқа тиесілі: Церера, (4) Веста, (2) Паллада, (10) Гигея. Мұндағы ең ірі нысан Церераның диаметрі 950 шақырымға тең және, заманауи көзқарас бойынша, ол ергежейлі планеталар қатарына жатқызылады. Қалған үшеуінің диаметрлері 400–500 шақырымның шамасында. Басқа астероидтар бұлардан әлдеқайда кіші болып келеді, өлшемдері тіпті бірнеше метрге дейін барады.
Соңғы зерттеулерге сүйенсек, Негізгі белдеуде диаметрі 1 шақырымнан асатын астероидтардың саны 700 мыңнан 1,7 миллионға дейін барады.
Көпшілік қабылдаған теория бойынша, бұл аймақта планеталар пайда бола бастаған кезеңде ғарыштық тозаңның аккрециясына Юпитердің гравитациялық өрісі кедергілер келтіріп жүрген. Сондықтан планетезимальдар одан ірі нысандарға айнала алмаған және көптеген соқтығысулар нәтижесінде шағылып, ұсақталып қалатын.
Дереккөздер өңдеу
- Pitjeva, E. V. (2018). "Masses of the Main Asteroid Belt and the Kuiper Belt from the Motions of Planets and Spacecraft". Solar System Research 44 (8–9): 554–566. arXiv:1811.05191. Bibcode 2018AstL...44..554P. doi:10.1134/S1063773718090050.
- Tedesco, E. F.; Desert, F.-X. (2002). "The Infrared Space Observatory Deep Asteroid Search". The Astronomical Journal 123 (4): 2070–2082. Bibcode 2002AJ....123.2070T. doi:10.1086/339482.
- Redd, Nola Taylor Asteroid Belt: Facts & Information. Space.com (11 маусым 2012).
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |