АҚШ президенті — АҚШ атқару билігінің, сондай-ақ мемлекеттің басшысы. АҚШ әскерінің және флотының бас қолбасшысы. Заң жобаларына (bills) вето салу құқығына ие. Лауазым 1781 жылы Конституциялық конвентте (жиналыс) қабылданған, АҚШ Конституциясымен енгізілген. Бірінші президент болып 1789 жылы Джордж Уошингтон тағайындалды. Оның бұл лауазымды иеленгеніне дейін «президент» атауы «Құрлықтық конгресстің президенті» деген тіркеспен қолданылған.
Америка Құрама Штаттарының президенті President of the United States | |
АҚШ президентінің мөрі | |
Ресми резиденциясы | |
---|---|
Өкілеттігінің мерзімі | 4 жыл, 2 реттік өкілеттіктен аспайды |
Лауазым пайда болды | |
Лауазымдағы алғашқы қызметші | |
Сайты |
Өкілеттіктің аяқталуы
Келесі:
- Өкілеттіктің мерзімнен бұрын аяқталуы — жиі кездесетін жағдай..
- Қайтыс болу: төрт президент — У. Гаррисон, Тейлор, Гардинг және Ф. Рузвельт лауазымдарында қайтыс болған, төртеуі — Линкольн, Гарфилд, Мак-Кинли және Кеннеди өлтірілген.
- Өз еркімен лауазымнан кету. Бұл әрекетті тек Ричард Никсон қолданған (Уотергейт).
- Президент мемлекеттік опасыздық жасап, жемқорлық үстінде ұсталып және тағы да басқа қылмыс жасап сотталған жағдайда қызметінен аластатылады. Әзірге әлі мұндай жағдай кездескен жоқ, бірақ 3 импичмент әрекеті болған: 1868 жылы Эндрю Джонсонның, 1974 жылы Ричард Никсонның және 1998 жылы Билл Клинтонның.
Президенттер әулеті
Үш президент өзі ізашарларының ұрпағы болған:
- Джон К. Адамс — Джон Адамстың ұлы.
- Бенджамин Гаррисон — Уильям Генри Гаррисонның немересі.
- Джордж Буш-кіші — Джордж Буш-үлкеннің ұлы.
Джордж Буш-үлкеннің әйелі және Джордж Буш-кішінің анасы Барбара Буш 14—АҚШ президенті Франклин Пирстің алыс туысы.
Сондай-ақ, Франклин Д. Рузвельт — Теодор Рузвельттің алыс туысы (бұдан бөлек ол оның немере қарындасы Элеонораға үйленген.
Дереккөздер
- Конституция АҚШ